Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Ұшпалы май қышқылдары жəне олардың маңызы



Pdf көрінісі
бет167/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

Ұшпалы май қышқылдары жəне олардың маңызы. Күйіс 

қайырмайтын малда көмірсулар ас қорыту ферменттерінің əсері-

мен глюкозаға ыдырайды. Күйісті мал қарнында көмірсулар ми-

кроорганизмдер ферменттерінің əсерімен алдымен глюкозаға ай-

налады да, ол ашу процесіне ұшырап, ұшпалы май қышқылдары 

(сірке, пропион, майлы қышқылдар) түзіледі. Қойдың мес қар-

нында тəуігіне 0,5, ал сиырда - 4-5 килограмға дейін ұшпалы май 

қышылдары бөлінеді. Азық құрамындағы көмірсулардың тек аз 

ғана бөлігі ұшпалы май қышқылдарына айналмай, оларды инфу-




207

зориялар мен бактериялар өз денесінің полисахаридтерін түзуге 

пайдаланады. Жын ұлтабарға өткенде осы микроорганизмдердің 

өзі қорытылып, олардың денесіндегі полисахаридтерден глюко-

за түзіледі де, ол ішек арқылы қанға сіңеді. Бірақ бұл процестің 

күйіс малы үшін айтарлықтай маңызы болмайды, бұл жолмен ор-

ганизмге тəулігіне аз ғана глюкоза сіңеді.

Күйіс малының ұлпалары басқа малға қарағанда глюкоза-

ны нашарлау сіңіреді. Дегенмен, глюкоза күйіс қайыратын мал 

ұлпаларының тіршілік əрекеті үшін қажетті зат. Ол тек энергия 

көзі болып қоймай, мал ұлпаларының ұшпалы май қышқылдарын 

дұрыс сіңіруіне көмектеседі.

Күйіс малы организміндегі зат алмасу процесінің басты ерек-

шеліктерінің бірі - негізінен сірке қышқылынан тұратын ұш па-

лы май қышқылдарын пайдалану. Сірке қышқылы алдын ала 

белсенді түрге келмей ұлпаларда өзгеріске ұшырамайды. Бұл 

қышқыл ерекше фермент - КоА-мен қосылғанда ғана белсенді 

түрге айналады. Аталған фермент зат алмасу процесінде маңызды 

рөл атқарады. Оны көп зерттеушілер ұлпадағы зат алмасудың 

«орталық тұлғасы» деп санайды. КоА арқылы сірке қышқылы 

тотығып, ыдырау реакциясына ұшырайды да, су мен көмір 

қышқыл газына бөлінеді немесе əртүрлі заттарды түзу процесіне 

қатысады. Сірке қышқылының тотығып, ыдырауы үшкарбон 

қышқылдары айналымында жүреді. Белсенді сірке қышқылы 

(ацетат) айналымға тек қымыздық-сірке қышқылымен қосылған 

соң ғана енеді. Сондықтан қымыздық-сірке қышқылы ұлпадағы 

қышқылдардың тотығу дəрежесін шектеп отырады. 

Күйіс малының ас қорыту органдарынан глюкоза аз мөлшерде 

ғана сорылатындықтан жəне оның негізгі көзі пропион қышқылы 

болғандықтан, мес қарындағы биохимиялық процестер мал ор-

ганизмін көмірсулармен қамтамасыз етуде зор рөл атқарады. 

Пропион қышқылы үшкарбон қышқылдары айналымына аралық 

өзгерістер арқылы қымыздық-сірке қышқылына айналып ба-

рып енеді де, одан əрі терең химиялық өзгерістерге ұшырайды. 

Қымыздық-сірке қышқылы пирожүзім қышқылына айналса, орга-

низмде глюкозаның мөлшері көбейіп, гликоген жиналады. Соны-

мен қатар пирожүзім қышқылының біраз бөлігі не ацетил КоА-ға, 

не су мен көмір қышқыл газына ыдырайды. Мес қарындағы ашу 

процесі баяуласа, не пропион қышқылының түзілуі бəсеңдесе, 

организмде глюкоза тапшылығы байқалады. Осының салдары-

нан сірке қышқылын пайдалану процесінің кейбір буындары 

бұзылады.

Ұшпалы май қышқылдары организмді қажетті энергияның 



208

40-70 пайызымен қамтамасыз етеді. Олардың қарындағы концен-

трациясы малды азықтандырған соң жоғарылап, азықтандыру 

аралығында төмендеп отырады. 

Қарындағы ұшпалы май қышқылдарының мөлшері мен 

арақатынасына азықтың құрамы мен сапасы əсер етеді. Мал-

ды пішен мен жемнен құралған рационда азықтандырғанда мес 

қарындағы ҰМҚ-ның 60 пайызын сірке қышқылы, 22-25 пайы-

зын пропион қышқылы жəне 15-20 пайызын майлы қышқыл 

құрайды. Рационда пішеннің немесе сүрлемнің үлесі көбейсе, 

қарын жынында сірке қышқылының концентрациясы артады. 

Ал рационға қант пен крахмалы мол азықтарды қосса (қызылша, 

жем, дəнді дақылдар) пропион жəне майлы қышқылдардың 

мөлшері көбейіп, сірке қышқылы азаяды. Рацион құрамында бе-

локты азықтар көбейген жағдайда, майлы қышқылдың мөлшері 

тым өсіп кетеді.

Мес қарындағы ұшпалы май қышқылдарының концентрация-

сына азықтандыру режимі де əсер етеді. Малды жиі азықтандырса, 

қарындағы ұшпалы май қышқылдарының жалпы концентрация-

сы жоғарылайды, пропион қышқылының үлесі артады, ал сирек 

азықтандырса, сірке қышқылының үлесі көбейеді.

ҰМҚ қарын қабырғасынан қанға тез сіңеді, сондықтан күйіс 

малының қанында олардың концентрациясы жоғарырақ бола-

ды. Күйіс малы ұлпалары ұшпалы май қышқылдарын əлдеқайда 

көп мөлшерде пайдаланады. ҰМҚ қандағы концентрациясы тек 

қышқылдардың сорылу жылдамдығына ғана емес, организмнің 

оларды пайдаланып үлгеруіне де байланысты. 

Зат алмасу процесінде əр қышқылдың өзіндік орны бар. 



Сірке қышқылы су мен биологиялық сұйықтарда жеңіл ериді, 

сондықтан организмнің барлық ұлпасы оны жеңіл сіңіреді. Мес 

қарындағы ұшпалы май қышқылдарының жалпы мөлшерінің 65-

75 пайызы сірке қышқылынан тұрады. Ол көптеген бактериялық 

процестер кезінде түзіледі. Сірке қышқылы мес қарыннан қанға 

сіңіп, бауыр арқылы өтеді де, бүкіл денеге тарайды. Организм-

де ол сүт құрамына енетін майларды, алмастырылмайтын амин 

қышқылдарын түзуге немесе энергия көзі ретінде пайдаланыла-

ды. Сірке қышқылының біраз бөлігі тотығып, алмасу энергия-

сын бөледі де, ал қалған бөлігі липидтерді, көмірсуларды жəне 

протеиндерді түзуге жұмсалады.

Сірке қышқылы тікелей глюкозаға айнала алмайды, ол алды-

мен үшкарбон қышқылдары айналымына қосылып, пирожүзім 



209

қышқылына, содан соң ғана глюкозаға айналады. Сірке қышқылы 

май қышқылдары мен гликогеннің тікелей көзі болмағанымен май 

қышқылдарын түзуге қажет көміртегі атомының 25, ал гликоген 

түзуге қажет көміртегі атомының 50 пайызын береді. Дегенмен, 

бұл қышқыл организмде қорға жинақталмай, тікелей тотығады 

да, энергияның негізгі көзі ретінде жұмсалады. Күйісті мал сірке 

қышқылы қуатын басқа малға қарағанда, толығырақ пайдаланады.

Сірке қышқылынан май түзу процесі ішек қабырғасында, бау-

ырда, өкпеде, май ұлпаларында жəне желінде жүреді.



Пропион қышқылы қарында онша көп мөлшерде түзілмейді. 

Оның мес қарындағы концентрациясы азық құрамына, малды 

бағу жағдайына қарай өзгереді. Қарыннан сорылған пропион 

қышқылы бауырға тасымалданып, онда глюкозаға айналады. Бұл 

процесс едəуір мөлшерде мес қарын қабырғасында да жүреді. 

Пропион қышқылы күйіс малы үшін глюкозаның негізгі көзі бо-

лып табылады Олардың қанында глюкоза аз болғандықтан, бұл 

қышқыл зат алмасу процесінде маңызды рөл атқарады. 

Пропион қышқылы ас қорыту қарқынына да ықпал етеді. Ол 

ұлтабар сөлінің бөлінуін жақсартып, пепсиннің белсенділігін 

арттырады, тұз қышқылының бөлінуін күшейтеді. Ол организмде 

гликогеннің түзілуін жандандырып, кетонды заттардың түзілуін 

тежейді. Бұл буаз жəне сауын малы үшін өте маңызды процесс. 

Сонымен, пропион қышқылы көмірсулар, белоктар, майлар ал-

масуына, организмде жүретін көптеген реакцияларға қатысады. 

Сондықтан рацион құрамында жеңіл қорытылатын көмірсулар 

мен белоктар азайғанда, организмде қалыпты зат алмасуды 

қамтамасыз етуде пропион қышқылының маңызы зор.



Майлы қышқыл да қарында онша көп мөлшерде түзілмейді. 

Ол ұшпалы май қышқылдарының 5-10 пайызын ғана құрайды. 

Организмдегі зат алмасу процесінде бұл қышқылдың маңызы 

онша зор емес. Дегенмен, азықтандыру жəне малдың бағылу 

жағдайына қарай оның мал қоңына, өнімділігіне əсері болуы 

мүмкін. Қарыннан сорылған майлы қышқыл негізінен бауырда 

май қышқылдарына айналады, одан кетонды заттар да түзіледі. 

Бұл процесс мес қарын қабырғасында-ақ басталады. Қарын 

қабырғасында түзілген кетонды заттар бауырдан кедергісіз өтіп 

кетеді, сондықтан күйіс малы кетоз ауруына тез шалдыққыш 

келеді.

Қарындағы майлы қышқыл мөлшері рацион құрамында клет-

чатка азайса, малға сүрлемді шамадан тыс көп берсе көбейеді.

14–888





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет