8-сызба. Несепнəрдің мес қарын қабырғасындағы өзгерістері ескеріл-
ген қайта айналым (рециркуляция) желісі
215
Күйіс малы рационында жетіспейтін протеиннің 30-35 пайы-
зын (қойға шамамен тəулігіне 13-18 г, сиырға - 80-150 г) карба-
мидпен толықтыруға болады. Карбамидтің тəуліктік нормасын
азықпен ұқыпты түрде араластырып, малға 2-3 рет бөліп бер-
ген жөн. Өйткені мес қарын микробтары сағатына 6-6,5 г ғана
карбамидті қорытып, сіңіре алады, ал аммиактың қарыннан со-
рылу жылдамдығы оны микроорганизмнің сіңіру мүмкіндігінен
əлдеқайда басымырақ. Сондықтан малды дұрыс азықтандырмаған
жағдайда мес қарында аммиак көбейіп кетеді де, ол микробтарды
уландырып, əлсіретеді. Бактериялардың қажетінен артық амми-
ак қанға сіңіп, организмнің улану қаупі туады. Малды карбамид
қосқан рационмен азықтандырғанда қарын микроорганизмдері-
нің тіршілік жағдайы жақсарып, оның жынында инфузориялар
саны көбейеді.
Малға карбамид бергенде тек олардың протеинге мұқтажды-
ғын ғана негізге алмай, мес қарын микроорганизмдерінің белок-
қа жат
пайтын азотты заттарға мұқтаждығын да ескерген жөн.
Синте тикалық азотты заттар микроорганизмдер үшін маңызды
қорек болып табылады. Тазаланған рацион құрамындағы азот көзі
тек карбамид болған жағдайдың өзінде, күйіс малының қарнында
амин қышқылдарының 10-нан астам түрі түзіледі.
Рационда клетчаткаға бай сабан, сапасы нашар пішен басы-
мырақ болса, онда оның құрамындағы протеиннің, жеңіл қоры-
тылатын көмірсулардың жəне минералды тұздардың мөлшері аза-
яды да, қарын бактерияларының өсіп-көбеюіне қолайсыз жағдай
туады. Сондықтан рационда ірі азық көп болса, карбамидтің
пайдаланылуы төмендейді. Мұндай рационның сіңімділігін жəне
оған қосылған карбамидтің пайдасын арттыру үшін азыққа сірне
қосқан жөн.
Карбамидтің мал организмінде тиімді пайдаланылуына, одан
бактериялық белоктың түзілу қарқынына əр текті қоректік зат-
тардың əсері əрқилы. Рациондағы азық түрі неғұрлым көп бол-
са, ол соғұрлым жұғымды, құнарлы келеді. Сапалы беде пішені,
жүгері сүрлемі, тамыр жемістілер мен құрама азықтар карбамид
азотын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Рацион құрамында
тез сіңетін протеиндер болса, карбамидтің тиімділігі төмендейді.
Мұндай жағдайда бактериялар тез сіңетін табиғи протеиннің (ба-
лауса көк шөптегі) азотын пайдаланады. Рациондағы протеиннің
сіңімділігі төмен болса, карбамидті игеру деңгейі жоғарылайды.
Əрине, бұдан протеин сіңімсіз болса, тəуір болады деген ұғым
тумауға тиіс. Мал рационында белгілі мөлшерде жеңіл сіңетін
протеин болуы қажет.
216
Арнаулы тəжірибелер мен өндірістік байқаулардың нəти же-
леріне қарағанда, карбамидтің мал организмінде дұрыс пайдала-
нылуы үшін рациондағы протеин мөлшері 12 пайызыздан аспауы
керек. Ал рациондағы протеин 18 пайыз, не одан да жоғары бол-
са, карбамидтің сіңімділігі төмендейді.
Карбамидтің сіңімділігіне кейбір амин қышқылдары, мине-
рал дық тұздар, əсіресе, микроэлементтер үлкен əсер етеді. Ра-
ционда фосфор, йод, темір, кобальт жəне күкірт сияқты мине-
ралды элементтер жеткілікті болғанда карбамидтегі азот мал
организміне жақсы сіңеді.
Фосфордың мал организміндегі атқаратын рөлі зор. Ол зат
алмасуға, əсіресе, қант тектес заттардың организмге сіңуіне елеу-
лі əсер етеді. Бірақ ірі жəне шырынды азықтарда фосфор жет-
кіліксіз болады. Ал күйіс қайыратын малдың рационы негі зінен
азықтың осындай түрлерінен тұратындықтан оған фосфор үнемі
жетіспейді. Сондықтан мұндай рационға аздап жем жəне фтордан
тазартылған Қаратау фосфатын (немесе сүйек ұнтағын) қосқан
жөн.
Карбамидті мал дұрыс қорытып, сіңіруі үшін оны малға
ретімен бере білу керек. Малды карбамидке біртіндеп үйретеді.
Оған кемінде 10-15 күн кетеді. Карбамидті үзіліс жасамай мал-
дың жасын ескере отырып беру қажет. Жаңа туған төлдің
қарнында микроорганизмдер болмайды, сондықтан төлге карба-
мид бермейді.
Күйіс малы қарнында белокқа жатпайтын азотты заттардан
түзілген бактериялық белок биологиялық құндылығы жағынан
жануар тектес азықтар белогымен тең түседі. Ал өсімдік тектес
азықтардың белогынан микроорганизмдер белогының құндылығы
əлдеқайда жоғары. Күйіс малының мес қарнында түзілетін белок-
та алмастырылмайтын 10 амин қышқылы түгел болады. Қарын
жынының құрамында көп мөлшерде цистин, метионин, арги-
нин, лизин, аз мөлшерде гистидин, валин жəне тағы басқа амин
қышқылдары болатыны анықталған (Т. Несіпбаев). Тіпті, əртүрлі
азықтандыру жағдайының өзінде бактериялық белоктардың амин
қышқылдық құрамы тұрақты, сіңімділігі өте жоғары келеді. Қой
қарнындағы бактериялық белоктың биологиялық құндылығы 88
пайыз, ал қорытылуы 73 пайыз құрайды.
Мес қарын микроорганизмдері ас қорыту жолының соңғы
бөлім дерінде қорытылып, амин қышқылдарына ыдырайды да,
ішек қуысында сорылып, организмді қажетті амин қышқыл да-
рымен қамтамасыз етеді. Азық құрамындағы белоктың 50 пайы-
зы қарында бактериялар белогына айналып, организмнің белокқа
деген мұқтаждығының 30 пайызын қанағаттандырады.
217
Сонымен, күйіс малының мес қарнында белоктарды қорыту
жəне организмге қажетті азотты заттарды түзу процестері қатар
жүреді. Демек, организмдегі азоттың алмасуында малдың
алдыңғы қарны, атап айтқанда, мес қарын, маңызды қызмет
атқарады. Қоректік заттардың қарында қорытылу ерекшеліктерін
ескере отырып, рацион құрамындағы түрлі қоректік заттарды
көбейту не азайту арқылы қарындағы биохимиялық процестерді
белгілі бір жолға бағыттап, мал өнімділігіне тікелей əсер етуге
болады.
Мес қарында липидтердің қорытылуы. Өсімдік тектес азық
құрамында майлар онша көп болмайды, олардың жалпы мөлшері
құрғақ затқа шаққанда 4-8 пайыз шамасында. Азық құрамындағы
үшглицеридтер, еркін май қышқылдары, балауыз (воск), сте-
ролдар, фосфолипидтер, галактозил-глицеридтер, холестерин
эфирлерінің күрделі қоспасын шикі май деп атайды. Өсімдік
майларының құрамында жануарлар майларымен салыстырғанда
тізбегі көміртегінің 18 атомынан құралған қанықпаған май
қышқылдары ( линолен қышқылы - азықтық өсімдіктерде, линол
қыш қылы - дəндер мен тұқымдарда) көбірек (70 пайызға дейін)
болады.
Азық құрамындағы липидтер арнаулы бактериялардың əре-
кетінен моноглицеридтерге, май қышқылдарына, глицеринге, ал
галактозил-глицеридтер – галактозаға ыдырайды. Глицерин мен
галактозадан ашу процесінің барысында ҰМҚ, негізінен пропион
қышқылы түзіледі.
Азық құрамындағы жəне ыдырау процесі кезінде түзілген
қанықпаған жəне жартылай қаныққан май қышқылдары сутек-
тендіру (гидрогенизация) процесінен өтеді. Осының нəти жесінде
олардың құрамындағы қосарланған байланыстар азайып, жануар-
лар ұлпаларына тəн пальмитин, стеарин сияқты қаныққан қыш-
қылдар түзіледі. Сонымен қатар мес қарын бактериялары амин
қышқылдарының көміртекті скелетінен тізбектері тармақталған,
көміртегі атомдарының саны тақ (С
15
) май қышқылдарын түзеді.
Бұл май қышқылдары липогенез (микроорганизмдер денесінің
липидтерін түзу) процесіне қатысады. Микроорганизмдер дене-
сінің құрғақ затында 3-8 пайыз шамасында фосфолипидтер, сте-
роидтер жəне эфирленбеген май қышқылдары түрінде липидтер
болады.
Липидтер ыдырағанда пайда болатын ұзын тізбекті май қыш-
қылдарын микроорганизмдер игере алмайды да, олар ұлтабар
мен ішекке өтіп, сол жерлерде қорытылады.
|