за ферментінің əсерімен ыдырайды. Амилаза екі түрлі: глюко-
лаза бөледі.
терінің əсерімен ыдырайды. Клетчатка бейтарап ортада (рН –7)
жеңілірек қорытылады.
құмырсқа, сірке, пропион жəне майлы қышқылдар түзіледі.
кен əсер етеді. Мысалы, жүгері крахмалы картоп крахмалына
206
қарағанда, жеңілірек қорытылады. Егер азықты термиялық өң-
деуден өткізсе, оның құрамындағы крахмалдың қорытылуы
едəуір шапшаңдайды.
Крахмалдың ашуы үстінде пропион қышқылы көбірек, сір-
ке қышқылы аздау, ал майлы қышқыл мардымсыз түзіледі.
Рационға крахмалға бай азық қосқанда жемшөптің қорытылуы
айтарлықтай артады. Крахмалға бай жемшөпті жас төлді
өсіру, малды бордақылау, буаз жəне сауын малы рационының
энергиялық құндылығын көтеру мақсатында пайдаланған жөн.
Күйіс малы азықпен көп мөлшерде жеңіл қорытылатын қанттар
қабылдайды. Қанттар қызылша, сəбіз, балауса шөп сияқты
азық тар құрамында мол, ал сүрлем, сабан, күнжара құрамында аз
мөлшерде болады. Қанттарды мес қарын микроорганизмдері тез
ашытып, өздерінің өніп-өсуі үшін энергия көзі ретінде пайдалана-
ды. Микроорганизмдер оларды өз денесіне сіңіріп, гликоген тек-
тес полисахаридке айналдырады. Қанттар микроорганизмдердің
əрекетінен пирожүзім жəне сүт қышқылдарына айналады. Одан
əрі бұл аралық ыдырау өнімдері май қышқылдары мен газдарға
ыдырайды.
Азық құрамында қанттардың мөлшері азайса, қарын микро-
организмдерінің өсуі тоқтап, олардың əрекеті нашарлайды. Мик-
роорганизмдер үшін рацион құрамында қанттың шамадан тыс
молайып кетуі де қолайсыз. Мұндай жағдайда қарын жынында
көп мөлшерде сүт қышқылы жиналып, жынның қышқылдығы
жоғарылайды да, белоктар мен клетчатканың қорытылуы бұзы-
лып, мал тəбеті нашарлайды, оның қоңы, өнімділігі төмендейді,
мал ауырып, өліп те кетеді. Сонымен, қарында көмірсулардың
ашуы барысында негізінен жүзім қанты емес, ҰМҚ түзіледі.
Жоғарыда баяндалған жайларды қорыта келе, күйіс малының
ас қорыту процесі дұрыс жүріп, өнімділігі тиімді бағытта арта
түсуі үшін мал рационын сауатты құрап, оның құрамындағы
қанттың мөлшерін қадағалап отыру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: