Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Организм функцияларының реттелуі



Pdf көрінісі
бет17/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   542
3.5. Организм функцияларының реттелуі

Жоғарыда тірі организмнің өзін-өзі реттейтін, сыртқы ор-

таның əртүрлі əсерлеріне өз бетімен жауап беретін біртұтас 

жүйе екенін айтып өттік. Организмнің біртұтастығы оның тор-

шалары, ұлпалары, органдары мен жүйелерінің арақатынасына, 

ондағы барлық процестердің өзара теңгерілуіне байланысты. Бір 




24

органның функциясының өзгеруі əркез басқа органдарға əсерін 

тигізеді, олардың қызметін өзгертеді. Организм функциялары 

мен əрекеттері гуморальды (сұйық арқалы) немесе жүйкемен 

реттелінеді.

Əрекетті реттеудің гуморальды немесе химиялық механизмі, 

филогенез тұрғысында ертерек қалыптасқан. Оның негізінде 

əртүрлі торшалар мен мүшелерде түзілетін биологиялық белсенді 

заттардың (мысалы, медиаторлардың, гормондардың) бүкіл мү-

шелер жүйесі мен организмнің функциясына ықпал жасай ала-

тын мүмкіндігі жатады. Химиялық заттар организм торшаларына 

кең ауқымды əсер етеді жəне функцияларды баяу өзгертеді.

Эволюциялық даму кезінде реттеудің гуморальды механизмі 

негізінде жаңа - жүйкемен реттеу тетігі қалыптасады. Жүйке 

жүйесі əртүрлі торшалар, ұлпалар мен мүшелердің кызметін бі-

ріктіріп, үйлестіріп, реттеп, организм функциясын сыртқы ор-

таның жағдайына бейімдейді. Бұл тетік гуморальды механизм-

мен салыстырғанда, əлдеқайда жақсы жетілген, жіті атқарылады, 

сондықтан жүйке жүйесінің əсерімен органдардың қызметі 

тезірек өзгеріп, бейімделу процесі жылдамырақ жүреді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет