Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет20/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

27

1-кесте. Мал организміндегі қанның жалпы мөлшері

Жануарлар

Дене салмағына 

шаққандағы пайыздық 

мөлшері

Ауытқу шегі

Жылқы

Сиыр


Ешкі

Қой


Шошқа

Бұғы


Қоян

Тауық


8,7

5,2


10,0

7,0


7,0

15,0


5,4

6,3


8,9-9,2

3,9-7,4


7,6-12,5

-

6,0-8,0   



-

-

-



Организмдегі канның мөлшерін төрт түрлі əдіспен анықтай-

ды. 1) Қан тамырына организмге зиянсыз, капиллярлардан (қыл-

тамырлардан) баяу өтетін коллоидты бояуларды (мысалы, кон-

горот) жіберу арқылы анықтау. Бояу қан тамырларына таралып 

үлгергеннен кейін (бірнеше минут аралығында) тамырдан қан 

алып, ондағы бояудың концентрациясын өлшейді де, қанның жал-

пы мөлшерін есептеп шығарады. Ол үшін алдын ала гемато крит-

ті (плазма мен қан түйіршіктершінің көлемдік арақатынасын) 

анықтап алады. Жұмысты мына төмендегі тəртіппен жүргізеді. 

Артерия не вена тамырынан қан алып, оған қанды ұйытпайтын 

заттар (антикоагулянт) қосады. Содан соң қанды арнаулы цен-

трифуга пробиркасына құяды да, оны центрифугада 1500 ай-

налымдық жылдамдықпен 30 минут айналдырады. Осының əсе-

рінен қан түйіршіктері пробирканың түбіне тұнады да, жоғары 

жағында плазма бөлінеді. Пробирка қабырғасындағы шкала плаз-

ма мен қан түйіршіктерінің көлемдік арақатынасын көрсетеді 

(1-сурет). Гематокриттің нақты көрсеткішін анықталған санды 

0,96-ға көбейту арқылы табады, себебі эритроцигтер тұнбасында 

4 пайыз плазма қалады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет