Сусау механизмі. Сусау - малдың су ішуге мұқтаждығынан
туындайтын түйсіктер жиынтығы. Ол организмдегі су қорының
азаюының немесе су мен хлорлы натрий тұзының қалыпты
арақатынасының өзгеруінің нəтижесінде туындайды. Шөлдеген
кезде сілекей бөлу шектеліп, ауыз құрғайды, диурез (зəр түзу)
баяулайды.
Егер денедегі су мөлшері салмақтың 100 кг шаққанда 3-5 лит-
рге дейін төмендесе, тер бөлу нашарлап, дене қызуы көтеріледі,
жүректің соғуы мен тыныс жиілейді. Сусау (шөлдеу) түйсігі ги-
поталамус пен ірі қан тамырларының осморецепторлары мен
ауыз қуысының механорецепторларының физиологиялық жағ-
дайының өзгеруіне байланысты туындайды. Су ішкеннен кейін
қарын қабырғасының керілуінен туындаған импульстердің əсе-
рінен сусындау түйсігі пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |