Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет195/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

249

24-кесте. Түрлі жануарлардың нəжіс бөлу жиілігі мен бөлетін нəжіс 

мөл шері

Жануарлар

Тəулігіне нəжіс 

бөлу жиілігі

Нəжіс 

мөлшері, кг



Нəжістің 

дымқылдығы, пайыз

Сиыр 

Жылқы 


Қой

Шошқа


Ит

Қоян


Тауық

12

8



6

4

3



7

5

22



16

2

1,7



0,2

0,12


0,04

84

70



65

72

75



50-75

72

Түлік түрі мен азықтың құрамына қарай жынның ас қорыту 



жолынан өту жылдамдығы да өзгеріп отырады. Күйіс қайыр май-

тын малдың (жылқы, шошқа, қоян) ас қорыту жолдарының ал -

дыңғы бөлімдерінен күйіс малымен салыстырғанда жын жылда-

мы рақ өтеді. Барлық малда жынның ащы ішектен өту мерзімі 

шамалас. Тоқ ішек арқылы жын күйіс малында жылдамырақ өтеді. 

Ас қорыту жолында жынның аялдау уақытын 100 пайыз деп алса, 

оның сиырда 80 пайызы мес қарын мен жұмыршақтың, 6 пайы-

зы қатпаршақтың, 5 пайызы ащы ішектің, 3 пайызы бүйеннің, 6 

пайызы қима пен тік ішектің үлесіне тиеді. Жылқыда қарынға - 

25 пайыз, ащы ішекке - 10, бүйенге - 35, қарта мен тік ішекке - 30 

пайыз, шошқада - қарынға - 30 пайыз, ащы ішекке - 10, бүйен  ге 

- 40, жиек ішек пен тік ішекке - 20 пайыз тиеді.

Жынның ас қорыту жолымен өту жылдамдығын малға арнау-

лы ерімейтін бояулармен (мысалы, фуксин) боялған азық беріп, 

нəжісті күнде тексеру арқылы анықтайды. Нəжіс құрамында 

боялған бөлшектердің (5 пайызы шамасында) байқалған кезін, 

олардың ең көп мөлшерде бөлінген уақытын жəне бөлінуінің 

тиылған кезін анықтайды. Малға берілген боялған азықтың 80 

пайызы бөлініп шыққан уақыт жынның ас қорыту жолында аял-

дайтын мерзімін сипаттайды (25-кесте).

Жынның ас қорыту жүйесінің түрлі бөлімдерінде аялдау 

мер 


 

зімі жəне оның жылжу жылдамдығы азықтың сипатына

оның құрамы мен қасиеттеріне байланысты. Мысалы, белок-

тар көлемді азықтың ішек бойымен өтуін жылдамдатады. Егер 

жылқыны тек сұлымен жемдесе, онда 24-48 сағат аралығында 

оның қорытылмаған қалдығының 55-73 пайызы, ал ұнтақталған 

сұлының 80-пайызы бөлініп шығады. Жылқыны боялған жеммен 



250

азықтандырса, аш малда ол 17,5 сағаттан кейін, ал тоқ малда 19-

24 сағаттан кейін бөліне бастайды. Боялған жемнің ең көп бөлігі 

24-48 сағат аралығында бөлінеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет