Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет200/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

104-сурет. Тауықтың ас қорыту жолының сыз-

басы: 


1 - өңеш; 2 - жемсау (бө те ге); 3 - безді қарын; 

4 - ет ті қарын; 5 - бауыр; 6 - көк бауыр; 7 - ұйқы безі; 

8 - жі ңішке ішек; 9 - аш ішек; 10-мықын ішек; 11 - тұй-

ық өсінділер; 12 - бүйрек; 13 - зəр ағар; 14 - тік ішек; 

15 - саңғуыр (клоака); 16 - айналшық (анус)

Қоректену ерекшеліктеріне қарай құс-

тар дəн қоректі, ет қо ректі жəне талғаусыз 

қоректілер болып бөлінеді. Бірақ өндіріс-

тік құс шаруашылығы жағдайында құстар 

белгілі құрамды құ ра ма жем жейді.

Дəн қоректі құстардың тұмсығы қатты 

жəне үшкір болады. Суда жүзетін құстардың тұмсығы жалпақ 

жəне оның ернеуінде мүйізді кертіктер орналасады. Тілде 

көптеген мүйізді бүртіктер болады. Олардың ұшы көмекейге 

бағытталады да, азықты қабылдауды жəне жұтуды жеңілдетеді. 

Тілдің бүйірлерінде, ортаңғы жəне түп жағында майда сілекей 

бездері орналасады. Сонымен қатар құстарда езу бездері, алдыңғы 

жəне артқы жақ асты бездері де болады. Сілекей аз ғана мөлшерде 

бөлінеді, оның құрамында птиалин жəне көп мөлшерде шырыш 

кездеседі.

Ауыз қуысында жем көп аялдамай тез жұтылады да, өңештің 

алдыңғы бөлігі арқылы жемсауға түседі. Жемсаудың ішкі беті көп 

қабатты жалпақ эпителиймен көмкерілген. Кілегейлі қабықтың 

дəнекер ұлпалы қабатында альвеолалы-түтікшелі бездер орна-

ласады. Олар ферментсіз шырыш бөледі. Жемсауда қоректік 

заттар азық пен сілекей құрамындағы жəне микроорганизм-

дер бөлген ферменттердің əсерімен қорытылады. Жемсаудағы 

қышқыл дық орта (рН 4,5-5,5) микроорганизмдердің қаулап өсуін 

тежеп оты рады. 



256

Жемсауда азық ылғалданып, жұмсайды, бөрітеді. Микроор га-

низмдердің əрекетімен белоктар, майлар, көмірсулар қорытыла 

бастайды, клетчатка қорытылмағанымен крахмал мальтоза 

мен глюкозаға ыдырайды. Бұл көмірсулар əрі қарай ашып, сүт 

қышқылы, аз мөлшерде ҰМҚ жəне алкоголь түзіледі. Жалпы 

жемсауда қабылданған көмірсулардың 15-20 пайызы қорытылады 

да, олардың ыдырау өнімдері не қанға сіңеді, не қуат көзі ретінде 

пайдаланылады. Жемсауда белоктар мен майлар мардымды 

қорытылмайды, олардың 7-10 пайызы ғана ыдырайды. 

Азықтың жемсауда аялдау мерзімі азық сипатына, оның 

қабылданған мөлшеріне, қоюлығына, қарынның тоқтығына бай-

ланысты өзгеріп отырады. Жұмсақ, балғын азықтар жемсауда көп 

бөгелмей, қарынға жылдам өтеді, ал қатты, құрғақ азық көбірек 

аялдайды. Азық қабылдағаннан кейін 35-40 минут өткен соң 

жемсау мезгіл-мезгіл (сағатына 10-12 рет) жиырыла бастайды. 

Əрбір жиырылу кезеңі 20-30 секундқа созылады да, жемсаудағы 

қысымды с.б. 8-12 миллиметрге дейін көтереді. Жемсау қимылы 

кезеген жүйке арқылы реттеледі.

Жемсаудан азық өңештің артқы бөлігі арқылы безді қарынға 

өтеді. Қарынның бұл бөлімінің кілегейлі қабығының 30-40 жұп 

бездері құрамында тұз қышқылы бар сөлді үздіксіз бөліп отыра-

ды. Орта есеппен дене салмағының əр килограмына шаққанда 

сағатына 6-16 мл сөл бөлінеді. Қарын сөлінің жалпы қышқылдығы 

тұз қышқылының деңгейімен өлшегенде 0,2-0,5 пайыз шамасын-

да. Сөл құрамында белоктарды ыдырататын ферменттер болады. 

Қарынның бұл бөлімінде азық көп аялдамай, етті бөлімге өтеді.

Қарынның етті бөлімі пішіні жағынан дискіге ұқсас. Ол 

безді бөліммен қысқа мойнақ арқылы жалғасады. Оның негізін 

екі жұп (негізгі жəне аралық) бірыңғай салалы еттер құрайды. 

Қарынның қуысы қысыңқы қапшыққа ұқсас та, оның кірер 

жəне шығар тесіктері жақын орналасады. Қарынның ішкі беті 

сірқабық (кутикула) деп аталатын қатты қабыршақпен қапталған. 

Ол қарынның арнаулы бездері бөлген секреттің қатуынан пай-

да болады. Сірқабық қорғаушы қызмет атқарады жəне үздіксіз 

жаңарып отырады.

Етті қарында түрлі қатты заттар (қиыршық тас, шыны, т.б.) 

кездеседі, сондықтан қарында азық ұнтақталып, белок 

тар қо-

рытылады. Екі - төрт сағат аралығында қарынға өткен белок-

тардың 30-50 пайызы полипептидтерге дейін ыдырайды. Бұл 

жерде ішектен өткен ферменттердің əсерімен аз мөлшерде (10-

15%) көмірсулар мен липидтер де ыдырайды.



257

Қарын еттері құсты азықтандырғаннан кейін минутына 2-4 

рет, ал басқа кезде 5 минутта 1-2 рет жиырылып отырады. Қарын 

қабырғасы жиырылғанда оның қуысындағы қысым тауықтарда 

сынап бағанасымен 140 миллиметрге, үйректерде - 180, қаздарда 

265 мм-ге дейін көтеріледі. Қарынның сөл бөлу жəне қимылдау 

əрекеттері кезеген жүйке арқылы реттеледі. Гуморальдық реттеу 

механизмі жақсы зерттелмеген.

Қарын қуысынан азық жеке-жеке үлеспен (тауық пен үйректе) 

немесе үздіксіз (қаздарда) ішекке өтеді. Ішекте ас қорыту процесі 

өте қарқынды жүреді. Олардың ерекшеліктерінің бірі - ұйқы 

безінің жақсы дамуында. Ұйқы безі өзегінің үш, ал өт өзегінің 

екі тармағы жіңішке ішектің алдыңғы бөлігіне ашылады. Ұйқы 

безі сөлі мен өт үздіксіз бөлінеді. Бұл секреттерге сілтілік орта 

тəн (ұйқы безі сөлінің сутектік көрсеткіші 7,5-8,1, өттікі - 7,3-8,0). 

Тауықтар орта есеппен салмағының əр килограмына сағатына 25 

мл ұйқы безі сөлін бөледі. Ұйқы безі сөлінің құрамында лакта-

за ферментінен басқа сүт қоректі жануарларда кездесетін барлық 

ферменттер болады.

Құстарда бруннер бездері болмайды, ішек бүрлерінде лимфа 

қуыстары нашар дамыған, сондықтан көбінеселипидтер қанға 



сіңеді. Оларда мембраналық ас қорыту өте қарқынды жүреді 

(Е. Б. Бегайылов). Сағатына салмағының əр килограмына құстар 

10 мл сөл бөледі, сөлдің сутектік көрсеткіші - 7,0-7,2.

Құстардың сүт қоректілерден айырмашылығы олардың бүкіл 

ас қорыту жүйесінде, мықын ішекті қоспағанда, қышқылдық не-

месе бейтарап орта сақталуынады. Жемсауда сутектік көрсеткіш - 

4-6, безді қарында - 1,0-2,0, етті қарында - 2,5-3,5, жіңішке ішекте 

- 6,0-7,0, аш ішекте - 6,5-7,1 мықын ішек пен тұйық өсінділерде 

- 6,8-7,5. Ащы ішек қимылдары, оның реттелуі сүт қоректі 

жануарларға ұқсас, тек құстарда қарсы толқынды қимылдар 

күшті жүреді.

Құс ішегінің тұйық өсінділерінде микроорганизмдер əре ке-

тімен клетчатка ыдырайды, В тобындағы дəрмендəрілер түзіледі, 

су, минералды заттар жəне көмірсулардың ашу өнімдері сіңеді. 

Құстарда ішектің тұйық өсінділері лимфоидтық құрылым ретінде 

де маңызды қызмет атқарады.

Ас қорыту жолынан азық жылдам өтеді. Оның өту мерзімі 16-

18 сағатқа тең. Құстың тоқ ішегі кеңейе келіп саңғуырмен бітеді. 

Оның қуысына несеп түтіктері, жыныс органдарының бөлу өзегі 

ашылады. Құстардың нəжісі қоймалжың келеді, оның құрамында 

79 пайыз су болады.

17–888





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет