255
ты қызметінде де ерекшеліктер байқалады (104-сурет). Солардың
негізгілері: 1) тістің болмауы, үстіңгі жəне астыңғы жақсүйекті
тығыз, мүйізді құндақтың (тұмсық) қаптауы, аңқа құрылымының
қарапайымдылығы, көмекей қақпашасының жоқтығы; 2) жем-
сау немесе оның орнында өңештің кеңейген бөлігінің болуы;
3) безді жəне етті бөліктерден тұратын күрделі қарынның бо-
луы; 4) ащы ішектің келтелігі; 5) бауыр мен ұйқы безінің дене
мөлшеріне шаққанда салыстырмалы үлкендігі жəне бұл ағза-
ларда 2-3 шығару өзектерінің болуы; 6) ішектің қос тұйық
өсіндісінің жəне ас қорыту, зəр шығару, жыныс жүйесі тоғысатын
саңғуырдың (клоака) болатыны.
Достарыңызбен бөлісу: