Оқулық. Алматы: жшс рпбк


-кесте. Боялған азық бөлшектерінің ас қорыту жолдарымен өту



Pdf көрінісі
бет196/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

25-кесте. Боялған азық бөлшектерінің ас қорыту жолдарымен өту 

жылдамдығы

Жануарлар

Нəжіспен боялған азықтың бөлінуі

Орташа 


аялдау 

мерзімі,сағ.

Басталуы, 

сағат


Ең көп 

бөлінетін 

уақыты, сағат

Тиылуы, 


тəулік

Сиыр


Жылқы

Қой


Шошқа 

Ит

Қоян



Тауық

7-9


18-24

14-18


12-14

3-4


5-9

2-3


48-60

36-48


34-40

24-36


20-36

12-18


8-12

12-14


4-6

14-16


4-5

1,5-3


2-4

1,5-2


104

72

36



42

24

48



18

8.10. Азық қабылдаудың физиологиялық негізі. 

Аштық пен тоқтық, сусау мен сусындау механизмі

Азықты жеу, тоқтық түйсігі. Азық жеуге ынтықтық (неме-

се тəбет) аштық түйсігінен туындайды. Аш мал мазасызданып, 

аяқтарын тарпып, тыпыршып қимылдайды да, дыбыс беріп, азық 

іздей бастайды. Мал əлсіреп сілекей бөліну күшейеді. Аштықтың 

салдарынан зат алмасу процесінің қарқыны бəсеңдеп, жылу түзу 

төмендейді.



Аштық - малдың азық жеуге деген объективті ынтықтығының 

субъективті түйсігі. Ол И. П. Павлов «Тағам орталығы» деп ата-

ған орталық жүйке жүйесі аймағының қозуына байланысты. 

Бұл орталық малдың азықты іздеп табуын, қабылдауын (жеуін) 

жəне ас қорыту ағзаларының қимыл-əрекеті мен секрециялау 

қызметтерінің өзара үйлесімін реттеп отырады. Тағам орталығы 

лимбика жүйесін, ми бағанасының торлы құрылымын, гипота-

ламусты жəне орталық жүйке жүйесінің ас қорыту ағзаларына 

эфференттік импульстер бағыттайтын түрлі нейрондарын 

қамтиды. Тағам орталығының басқа бөлімдерінің қызметін, аштық 

пен тоқтық сезімнің туындауын гипоталамуста орналасқан арнау-

лы ядролар – «аштық жəне тоқтық орталықтары» реттейді. 

Гипоталамустың латеральды аймағының ядроларын зақымдаса



251

мал азық жеуден бас тартып (афагия), оларды тітіркендіргенде 

азықты тоқтаусыз жей береді (гиперфагия). Гипоталамустың 

ортаңғы үстірт аймағындағы вентромедиальдық ядроларды 

зақымдағанда гиперфагия орын алып (102-сурет), мал қатты 

семіреді де, оларды тітіркендіргенде - афагия байқалады.



102-сурет. Гипоталамустың əртүрлі ядроларын зақымдаудың тəбетке əсері

Тағам орталығының қозғыштығы түрлі гуморальды тітір-

кендіргіштердің жəне ас қорыту ағзалары рецепторларынан кел-

ген қозу толқындарының əсерінен жалғасып, сүйемелденіп оты-

рады. Аш малға тоқ малдың қанын құйса, біраз уақытқа аштық 

түйсік басылып, азықты іздеуге жəне қабылдауға бағытталған 

рефлекстер бəсеңдейді.

Аштық түйсігінің қалыптасуын түсіндіретін бірнеше тео-

рия бар. Глюкостатикалық теорияға сəйкес ол қандағы глю-

коза деңгейінің, липостатикалық теорияға сəйкес еркін май 

қыш қылдарының алмасу өнімдерінің төмендеуімен байланыс-

ты. Аталған əр теорияның негізі бар. Бірақ жалғыз камералы 

қарны бар жануарлар үшін глюкостатикалық теория орынды. 

Оған аралық ми құрылымдарында, бауырда, қарында, ішек 

қабырғасында торшаларға тиесілі глюкоза деңгейінің азайғаны 

жайлы тағам орталығына хабарлап отыратын рецепторлардың 

болуы дəлел. Дегенмен, көптеген ғалымдардың пікіріне сəйкес 

аштық түйсігі көп компонентті алмасу өнімдерінің шеткі жəне 

орталық рецепторларға əсерінен туындайды.

Мал өзінің өнімділігіне, атқаратын жұмысының түріне, орта 

жағдайына, рационның құндылығына байланысты өзгеріп отыра-



252

тын энергиялық мұқтаждығына қарай азық жейді. Қабылданатын 

азық мөлшері қысқа жəне ұзақ мерзімге бағытталатын механизм-

дер арқылы реттеледі.

Бірінші, қысқа мерзімдік механизм, организмнің энергияға 

деген мұқтаждығын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл меха-

низм белгілі азық мөлшерін қабылдауға емес, малдың энергияға 

мұқтаждығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Азықты қабылдауды реттеудің ұзақ мерзімге бағытталған ме-

ханизмі ашығудың салдарынан организмде туындаған тапшы-

лықты жоюға мүмкіндік береді. Сондықтан ашығудан кейін 

бастапқы салмағын қалпына келтіргенше мал азықты көбірек 

қа былдайды. Ал зорлап азықтандырғаннан кейін мал азық қа-

былдауды азайтады. 

Аталған реттеу механизмдерінің физиологиялық мəні əр түрлі. 

Қысқа мерзімдік реттеу механизмінің негізінде ас қорыту ағ за-

ла ры қабырғасының семуі, қандағы глюкоза мөлшерінің азаюы 

жатады. Ал ұзақ мерзімдік реттеу механизмі организмде жылу 

түзудің төмендеуіне, май қорының жəне қанда оның ыдырау 

өнімдерінің азаюына байланысты.

Азық жеу мөлшерін реттеуде ұйқы безі мен ішекте түзілетін 

инсулин, глюкагон, холецистокинин гормондарының қатысуы да 

мүмкін. Азықты қабылдағаннан кейін қанда инсулин мен глю-

кагонның деңгейі жоғарылайды. Бұл гормондарды қанға ексе, 

мал азықты аз жейді.

Азық қабылдағаннан кейін тою түйсігі сезімдік (сенсорлық) 

жəне метаболизмдік əсерлер салдарынан қалыптасады (9-сызба). 

Тоюдың сезімдік түйсігі ауыз қуысы мен қарынның механо- жəне 

хеморецепторларының тітіркенуінен туындаған қозу толқынының 

латеральдық гипоталамус нейрондарын тежеуіне байланысты 

қалыптасады. Осының нəтижесінде қоректік заттардың ыдырау 

өнімдері сіңіп үлгермей-ақ азықты қабылдау процесі тоқтайды.

Тоюдың метаболизмдік түйсігі азықты жегеннен соң 1,5-

2 сағаттан кейін басталады. Оны қан құрамында глюкоза, амин 

қышқылдары, майдың ыдырау өнімдері тудырады. 

Еркін жайылған жағдайда күйіс малының қарны еш уақытта 

бос болмайды жəне қан құрамындағы метаболиттер мөлшері 

тұрақты деңгейде сақталады. Мал азықты аштық түйсігі туын-

дамай-ақ қабылдай береді. Бұл жануарлар үшін азық жеуді шек-

тейтін фактор - қарынның алдыңғы бөлімдерінің толу деңгейі 

жəне оның босау жылдамдығы, қарын қабырғасының керілу 

күйі. Сондықтан мал энергиясы мол, протеинге бай рационға 

кө шірілсе, азықтың қорытылу шапшаңдығының төмендеуінің, 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет