Оқулық. Алматы: жшс рпбк


-кесте. Əртүрлі физиологиялық ерітінділердің құрамы



Pdf көрінісі
бет23/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

2-кесте. Əртүрлі физиологиялық ерітінділердің құрамы

Ерітінділер 

  І л дистилденген судағы мөлшері, г 

NaCl


KCl CaCl2 NaHCO3 MgCl2 NaH2PO4

Глю-


коза 

Рингер ерітіндісі: 

салқын қандыларға - 

жылы қандыларға 

Рингер-Локк ері-

тіндісі 


Тироде ерітіндісі

6,5


9,0

9,0


8,0

0,14


0,2

0,42


0,20

0,12


0,2

0,24


0,20

0,2


0,2

0,15


1,0

-

-



-

0,1


-

-

-



0,05

-

-



1,0

1,0


Құрамының күрделігіне қарамай аталған физиологиялық ері-

тінділер қан плазмасымен биологиялық тұрғыдан бара-бар емес. 

Өйткені олардың құрамында коллоидты заттар (белоктар) жоқ. 

Сондықтан құрамында глюкоза бар ерітінділерге əртүрлі колло-

идттар (мысалы, суда еритін жоғары молекулалы декстран сияқты 

полисахаридтер) немесе арнаулы өңдеуден өткен белок препарат-

тарын қосу қажет. Коллоидтарды 7-8 пайыз шамасында қосады. 

Мұндай ерітінділерді уақытша қан қысымының деңгейін сақтау 

үшін қан тамырына егуге болады.

Қанның əрекетшіл реакциясы. Организмнің қалыпты тіршілігі 

үшін сутегі (Н+) мен гидроксил (ОН-) иондары концентрация-

сы ның арақатынасымен анықталатын қанның əрекетшіл реак-

циясының маңызы зор. Қанның сутектік көрсеткіші (рН)-7,35-

7,45, демек оның əрекетшіл ортасы əлсіз сілтілік.

Қанның əрекетшіл реакциясы салыстырмалы тұрақты жағ-

дайда болады. Ол қанда буферлік жүйенің болуына байланысты. 

Буферлік жүйе деп қанның əрекетшіл реакциясын өзгертпей, 

тұрақты қалыпта сақтап тұратын қосылыстарды айтады. Буферлік 

қасиеті бар ертінділерде əлсіз, баяу диссоциацияланатын қышқыл 

жəне сол қышқылдың сілтілі тұзы болады.

Буферлік касиеті бар ерітіндіге күшті қышқыл немесе сілті

қосса да, ерітіндінің сутектік көрсеткіші өзгермейді, себебі ері-

тіндіге қосылған күшті қышқыл оның құрамындағы тұздан əлсіз 



32

қышқылды ығыстырып шығарады да, ерітіндіде əлсіз қышқыл 

жəне оның күшті қышқылдық тұзы түзіледі. Ал ерітіндіге күшті 

сілті қосылса, онда əлсіз қышқылдың тұзы мен су пайда болып, 

ерітіндінің əрекетшіл реакциясы қалпында сақталып қалады.

Қан құрамында төрт түрлі буферлік жүйе бар:

1.  Бикарбонатты буферлік жүйе; ол көмір қышқылы мен 

нат рий бикарбонатынан тұрады.

2.  Фосфатты буферлік жүйе; бір жəне қос негізді фосфор 

қышқылды натрийден тұрады.

3.  Белокты буферлік жүйе; қан құрамындағы плазма белок-

тарынан құрылған. Белоктар амфотерлік қасиетінің арқасында 

ортаның əрекетшіл реакциясына қарай не сутегі, не гидроксил 

иондарын бөледі де, қанның сутектік көрсеткішін бір деңгейде 

ұстайды.

4.  Гемоглобиндік жүйе; гемоглобиннің калийлі тұзына 

(КНbО

2

) байланысты. Бұл қосылыс көмір қышқылына қарағанда, 



əл сіз қышқыл болғандықтан, оған өзінің калий ионын береді де, 

су тегі ионын қосып алып, баяу диссоциацияланатын қышқылға 

айна лады. Қанның буферлік қасиетінің 75 пайызы гемоглобинге 

байланысты, ал карбонатты жəне фосфатты буферлік жүйелердің 

қанның əрекетшіл реакциясын сақтаудағы маңызы шамалы.

Буферлік жүйе ұлпаларда да болады. Оны ұлпалардағы белок-

тар мен фосфаттар құрайды. Осы буферлік жүйенің арқасында 

зат алмасу кезінде ұлпаларда түзілген көмір қышқылы, сүт жəне 

фосор қышқылдары бейтараптанып, қанның əрекетшіл реакция -

сын өзгерте қоймайды.

Қанда буферлік жүйенің болуымен байланысты қанның əре-

кетшіл реакциясы қышқылдық ортаға қарағанда, сілтілік ортаға 

қарай оңай ауытқиды. Мысалы, қанның сутектік көрсеткішін 

сілтілік жаққа қарай ығыстыру үшін қанға суға қарағанда, 

күйдіргіш натрий ерітіндісін 40-70 есе артық қосу керек. Ал 

сутектік көрсеткішті қышқылдық жаққа ығыстыру үшін қанға 

сумен салыстырғанда, тұз қышқылының ерітіндісін 327 есе 

артық қосуға тура келеді. Оның себебі қан құрамындағы əлсіз 

қышқылдардың сілтілік тұздарының мол болып, қанның сілтілік 

қорын түзуінде. Сілтілік қор дегеніміз 100 мл қандағы би-

карбонаттар мөлшері. Бұл қордың биологиялық мəні зор. Ол 

организм 

де зат алмасу процесінің барысында түзілген əртүрлі 

қышқылдар 

ды бейтараптап отырады. Қанда қышқылдық жəне 

сілтілік эк виваленттер белгілі арақатынаста болады, сондықтан 

қанда қышқыл-сілтілік тепе-теңдік қалыптасады.



33

Организм қанның əрекетшіл реакциясы белгілі бір деңгейде 

сақталғанда ғана өмір сүре алады. Жоғары сатыдағы жануарлар 

үшін өмір шегі сутектік көрсеткіштің 7,0 мен 7,8 мөлшерінің 

аралығында орналасады. Қанның сутектік көрсеткіші осы шек-

тен төмендеп не асып кетсе, тіршілік тоқтайды. Оның ұзақ уақыт 

0,1-0,2-ге ауытқуы организм үшін үлкен қатер.

Буферлік жүйенің болуына қарамастан кейде (патологияға 

байланысты) қанның əрекетшіл реакциясының ауытқуы мүмкін. 

Қанның сутектік көрсеткішінің қышқылдық жаққа ығысуын аци-

доз, ал сілтілік жаққа ауытқуын – алкалоз дейді.

Ацидоз мына төмендегі түрлерге бөлінеді.

1. Газды ацидоз. Ацидоздың бұл түрі қанның құрамында көмір 

қышқыл газы көбейген жағдайда, тыныс алу процесі бұзылғанда, 

ауада көмірқышқыл газының концентрациясы өскенде (мысалы, 

қапасталған бөлме жағдайында) байқалады.

2. Газсыз ацидоз. Зат алмасу процесі бұзылғанда, бөлу жүйе -

сінің жұмысы нашарлағанда, алмасу процесі барысында қыш-

қылдар бөлетін заттар мөлшерден тыс қабылданғанда, ор га низмде 

əртүрлі қышқыл заттар жинақталып (мысалы, сүт, пиро 

жүзім, 

ацетон-сірке, оксимай қышқылдары), қанның əре кет шіл реакция-

сы қышқылдық жаққа ауытқиды.

3. Теңгерілген ацидоз жағдайында қанның сутектік көрсеткіші 

(рН) өзгермей, тек сілтілік қоры азаяды.

4. Теңгерілмеген ацидоз жағдайында қанның əрекетшіл реак-

циясы қышқылдық жаққа ауытқып, оның сутектік көрсеткіші 

төмендейді.

Алкалоз да газды, газсыз, теңгерілген жəне теңгерілмеген бо-

лып жіктеледі. Газды алкалоз тыныс жиілеп, организмнен көмір 

қышқылы көп бөлінген жағдайда байқалады, ал газсыз алкалоз 

зат алмасу процесі мен бөлу жүйесі жұмысының бұзылуына 

бай ланысты туындайды. Теңгерілген алкалоз жағдайында қан-

ның сутектік көрсеткіші өзгермей, тек сілтілік қор өседі, ал тең-

герілмеген алкалоз кезінде қанның сутектік көрсеткіші сілті лік 

жаққа ығысады (рН>7,45).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет