Оқулық. Алматы: жшс рпбк


-кесте. Мал қанындағы эритроциттердің саны мен көлем мөлшері



Pdf көрінісі
бет28/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

5-кесте. Мал қанындағы эритроциттердің саны мен көлем мөлшері 

(В. Н. Никитиннің деректері бойынша)

Жануарлар

Қанның 1 мм

3

 



мөлшеріндегі эритро-

циттер саны, млн.

Эритроциттің 

диаметрі, мкм

Жылқы

Сиыр


Қой

Шошқа 


Қоян 

Тауық


7,70-9,50

6,0


9,4

6,0


5,0

3,5


5,6

5,1


4,3 

5,0-6,0


6,0 

12,0 х 7,5




38

Ескі эритроциттер торлы эндотелий жүйесінің торшаларын-

да, əсіресе, бауыр мен көкбауырда жойылады. Эритроциттерден 

босаған темір сүйек кемігінде жаңа эритроциттерді құруға пайда-

ланылады, ал гемоглобин құрамындағы гем өт құрамына кіретін 

билирубин бояғышына айналып, өтпен ішекке бөлінеді. Жаңа 

эритроциттер сүйек кемігінде түзіледі. 

Гемоглобин (Нb) жəне оның қосылыстары. Эритроциттер 

өзінің негізгі қызметі - оттегі мен көмір қышқыл газын тасы

-

малдау процесін, құрамында ерекше белок – гемоглобиннің бо-



луының арқасында атқарады. Эритроциттің жалпы массасы ның 

34 пайызы, ал құрғақ затының 90 пайызы гемоглобиннен тұ-

рады. Гемоглобин глобин белогы мен төрт молекулалы бояғыш 

зат – гемнің күрделі химиялық қосылысы. Оның молекулалық 

салмағы - 68000. 

Гем - белсенді топ, ол гемоглобинге əртүрлі газдармен бай-

ланысқыштық қасиет береді. Глобин амин қышқылдарының төрт 

полипептидті тізбегінен түзілген (екі α - тізбек, екі β - тізбек). α - 

тізбек амин қышқылдарының 141 қалдығынан, ал β - тізбек – 

146 қалдығынан құрылған (4-сурет). Олардың маңызы əр түрлі. 

Амин қышқылдарының α тізбегі оксигенация процесін (оттегімен 

қанығу), ал β - тізбегі - оттегіні беру үшін қажет.

 Гемоглобин əртүрлі қышқылдардың əсерімен гем жəне гло-

бинге ыдырайды да, гем геминге айналып, кристалдар түзеді 

(5-сурет). Гемин кристалдары қоңыр түсті, паралелограмма, ромб 

пішіндес келеді. Əр түлік қандарындағы гемнің құрылысы бірдей, 

сондықтан оның кристалдары да бір-біріне ұқсас (6-сурет), ал 

мал гемоглобинінің қасиеттері түрліше. Ол кристалдарының пі-

шінімен, оттегімен қосылу жылдамдығымен ерекшеленеді. Бұл 

белоктың - глобиннің, өзіндік ерекшеліктеріне байланысты.

Құрамында темір атомы болуына байланысты гемоглобин түрлі 

газдармен қосылыс түзеді. Оттегімен қосылысқан гемоглобинді 



оксигемоглобин (Нb0

2

) деп атайды. Гемоглобин оттегімен оңай 



қосылып, оңай айырылысады. Гемоглобиннің бір молекула-

сы темір молекулаларының қосымша байланыстары арқасында 

оттегінің 4 молекуласымен əрекеттеседі. Бұл қосылыста темірдің 

валенттілігі өзгермейді. Гемоглобин көмірқышқыл газымен де 

қайтарымды қосылыс түзеді, оны карбогемоглобин (НbСО

2

) деп 



атайды. Гемоглобиннің аталған қосылыстары қалыпты жағдайда 

түзіліп, тыныс алу процесін қамтамасыз етеді.

Гемоглобиннің организмге пайдасыз қосылыстары да бар. 

Мы салы, ол көмір тотығымен (иіс газы) қосылып, берік қосы лыс - 




39

карбооксигемоглобин (НbСО) түзеді. Иіс газының қауіптілігі ге-

моглобинмен жылдам қосылып, берік байланыс түзуінде. Егер 

бөлмедегі ауада иіс газының мөлшері 0,04 пайыз құраса, онда ор-

ганизм ауыр уланады, ал бұл газдың концентрациясы 0,1 пайызға 

жетсе, оттегі мен гемоглобиннің əрекеттесуі қиындап, тотығу 

процесі бұзылады да, организм тұншығып өледі. 

Гемоглобинге əртүрлі күшті тотықтырғыштар əсер етсе (Н

2

О



2

азон, вертолет тұзы, азот тотығы, т.б.), оның құрамындағы те мір 



4-сурет. Гемоглобин моле ку-

л асы  (


α

-жəне 


β

-поли пеп тид-

тік тізбектер, н - гем)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет