мөлшері салыстырмалы тұрақты деңгейде сақталады. Бұл процес-
те маңызды рөлді бауыр атқарады. Ол қанттың артық мөлшерін
коген есебінен қанға бөліп отырады. Бұл күрделі процесті жүйке
жүйесі мен түрлі гуморальдық заттар бағыттап отырады.
маңызын К.Бернар дəлелдеген. Ол тəжірибе жүзінде сопақша
279
рылаған. Бұл құбылыс симпатикалық жүйке мен гуморальдық
факторлардың əсерімен жүреді де, аз уақыт ішінде қандағы қант
мөлшері қалыпты деңгейге оралады.
Көмірсулар алмасуын аралық мидың гипоталамустық
бөлігінде орналасқан орталық реттейді. Бұл орталық гипофиз-
бен тығыз байланысты жəне осы без арқылы қан құрамындағы
глюкоза деңгейін реттеуге тікелей қатысатын ішкі секрециялық
бездердің əрекетін өзгертеді.
Қан мен ұлпа арасындағы глюкозаның алмасуы кемінде алты
гормонның қатысуымен реттеледі. Олар - инсулин, глюкагон, кор-
тизол, адреналин, өсу гормоны (самототропин) жəне тирок-
син. Аталған гормондардың бөліну қарқыны қандағы глюкоза
деңгейіне байланысты.
Қанда глюкоза мөлшері өте төмендеп кетсе, инсулин бө-
лінбейді, ал оның мөлшері жоғарылаған сайын, бұл гормонның
бөліну қарқыны арта түседі. Глюкоза тапшы болса, ол ұлпаларға
сіңбейді. Инсулин тек торшалардың глюкозаны сіңіруін ғана
нашарлатып қоймай, гликогенез процесін жандандырады да,
гликогенолизді бөгейді. Бұл құбылыстардың барлығы қандағы
глюкоза деңгейін төмендетуге бағытталған. Демек, инсулин
гипогликемиялық əсері бар, органдарды алмасу энергиясымен
қамтамасыз ететін гормон.
Жоғарыда аталған инсулиннен басқа бес гормон түрлі жолмен
қан құрамындағы глюкоза деңгейін көтереді. Глюкагон мен адре-
налин гликогенолиз процесін жандандырса, кортизол глюконео-
генез процесін күшейтеді, өсу гормоны глюкозаның торшаларға
өтуін бөгеп, инсулиннің түзілуін тежейді, ал тироксин глюкозаның
ішектен сіңірілуін шапшаңдатып, оның ұлпада пайдаланылуын
жақсартады. Қанда глюкоза деңгейі төмендесе, осы аталған инсу-
лин кереғарларының түзілуі күшейеді.
Сонымен, қандағы глюкоза деңгейі қосарланған қайтарымды
байланыс тетігі арқылы өздігінен реттеліп отырады. Гиперглике-
мия инсулиннің бөлінуін күшейтсе, гипогликемия – инсулиннің
бөлінуін тежеп, инсулин кереғарларының түзілуін күшейтеді.
Гликемияны реттеудің гормондық тетігі көмірсулар алмасуын
үйлестіретін орталық арқылы “іске қосылып”, бағытталып оты-
рады (13-схема). Гипоталамустың вентромедиальдық бөлімінде -
орталық, ал бауыр мен қан тамырларында - шеткей глюкорецеп-
торлар орналасады. Олар қан құрамындағы глюкоза деңгейін
бақылап отырады. Гипергликемия жағдайында гипоталамус тан
таралған қозу импульсі ұйқы безіне кезеген жүйке арқылы бағыт-
талады да, инсулиннің бөлінуін күшейтеді.
280
Гипогликемия жағдайында гипоталамус арқылы симпа
то-
адреналдық жүйенің орталықтары белсендіріліп, адреналиннің
бө лінуі күшейеді, не гипофиздің алдыңғы бөлігінің жұмысы
жан
данып, адренокортикотропты, самототропты, тиреотропты
гор мондардың бөлінуі артады. Көмірсулар алмасуына үлкен ми
жар ты шарлары да əсер етеді. Оған əртүрлі эмоция, стресс жағ-
дайларында қандағы глюкоза деңгейінің жоғарылауы дəлел.
Достарыңызбен бөлісу: