Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Липидтердің алмасуы жəне оның реттелуі



Pdf көрінісі
бет220/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   542
9.6. Липидтердің алмасуы жəне оның реттелуі

Липидтердің биологиялық маңызы. Липидтер деп май мен 

май тектес заттардан құралған органикалық қосылыстар тобын 

айтады. Мал массасының орта есеппен 10-20 пайызы липидтер-

ден құралған. 

Денедегі май протоплазмалық жəне қордағы болып екіге 

бөлінеді.  Протоплазма майына торша мембранасының, мито-

хондрийдің, микросоманың құрамына енетін майлар жатады. 

Оның құрамы мен мөлшері едəуір тұрақты, көп ауытқымайды. 

Май ми торшалары, жыныс бездері жəне шəует құрамында 

айтарлықтай көп болады. Қордағы майға тері шелінің майы, шар-

бы майлары, бүйрек, жүрек сияқты ағзалар маңында жиналған 

майлар жатады. Май торшалары - адипоциттер, альвеолалық 

ұлпалар мен ет талшықтары арасында да орналасады. Адипоцит-

тер құрамындағы майлар ұлпаларда энергия жинақтаудың ерек-

ше түрі. 

Майдың биологиялық құндылығы – оның энергия көзі бо-

луында. Организмде 1 г белок немесе көмірсулар тотыққанда 

16,7 кДж энергия бөлінсе, 1 г май 38,9 кДж энергия бөледі. Со-

нымен қатар майлар организмнің өсу факторы болып табылатын 

линол қышқылының көзі, жылу изоляторы, кейбір биологиялық 

белсенді заттардың (простагландин, стероидты гормондар, холин, 

т.б.) негізі. Олар майда еритін А, Д, Е дəрмендəрілерінің ішектен 

сіңірілуіне мүмкіндік туғызады, қой шайырының, құстардың тері 

майының құрамына енеді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет