Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Липидтердің алмасуын реттеу



Pdf көрінісі
бет223/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

Липидтердің алмасуын реттеу. Липидтер алмасуын реттей-

тін орталық гипоталамусте орналасқан. Оған дəлел, гипотала мус-

тың вентромедиальдық ядроларын зақымдағанда – мал шектен 

тыс семіріп, ал латеральдық ядролар зақымдалса – арықтайды. 

Бұл орталық қан мен ұлпалық сұйықтағы глюкоза деңгейіне 

қарай бір-біріне қарама-қарсы екі процесті – майдың қорға жина-

луын жəне оның организм мұқтаждығы үшін пайдалануын, рет-

теп отырады. Қандағы глюкоза деңгейі көтерілсе, липолиз (май 

бұзу) тоқтайды да, май түзу (липогенез) күшейеді, ал қант деңгейі 

төмендесе, кері құбылыс байқалады. 

Аталған процестер орталықтың симпатоадреналдық жəне 

ги поталамус-гипофиздік жүйелерге əсері арқылы жүреді. Орта-

лық жүйке жүйесі май қоймаларының адипоциттеріне тіке-

лей вегетативтік жүйкелер арқылы да əсер етуі мүмкін. Симпа-

тикалық жүйкелер липолизді, ал парасимпатикалық жүйкелер 

липогенезді күшейтеді. Липолиздік əсер адреналин, норадрена-

лин, СТГ (соматотропты гормон), ТТГ (тиреотропты гормон), 

тироксин, глюкагон гормондарына тəн, ал инсулин майдың 

қор ға жиналуын күшейтеді. Инсулин май торшаларының мем-

бранасындағы рецепторлармен байланысып, адреналин мен но-

радреналиннің əсерін тежейді де, липаза ферменттерінің бел-

сен 


ділігін төмендетеді. Глюкокортикоидтар да глюконеоге 

нез 


про 

цесін күшейтіп, қандағы глюкоза деңгейін көтеру арқы 

лы 

май лардың пайдалануын баяулатады. Липокаин – май қыш қылда-



рының тотығуын күшейтіп, бауырды шырланудан сақтайды.

Липидтердің алмасуына майлардың ыдырау өнімдері де əсер 

етеді. Мысалы, глицерин майлардың ыдырауын шапшаңдатса, 

май қышқылдары оны бөгейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет