Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Липидтер алмасуының күйіс малында байқалатын ерек-



Pdf көрінісі
бет224/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   542
Липидтер алмасуының күйіс малында байқалатын ерек-

ше ліктері. Ас қорыту жүйесінің құрылымы мен қызметіндегі 

ерек шеліктер липидтердің алмасуына айтарлықтай əсер етеді. 




284

Мес қарында липолиз жəне липогенез процестері қатар жүріп, 

май қышқылдары түрленеді, глицерин мен галактоза ыдырап, 

май қышқылдары сорылады. Осының салдарынан ішекке ли-

пидтер күрделі өңдеуден өтіп барып жетеді. Орта тізбекті май 

қышқылдары қарыннан бірден қанға сіңеді. Ірі молекулалы май 

қышқылдары, моно- жəне диглицеридтер көбіне ішекте сіңеді де, 

хиломикрондар мен липопротеидтер түрінде лимфаға, соңынан 

қанға өтеді. Күйіс малының ішегінде негізінен олардың денесінің 

липидтік құрамына сəйкес келетін қаныққан май қышқылдары 

сорылады.

Күйіс малы үшін қарында микробиологиялық ферментация 

кезінде түзілетін ҰМҚ-ның маңызы зор. Сірке қышқылы липолиз 

бен липогенез процестерін теңестіріп тұратын маңызды фактор. 

Ол май қоймалары мен желінде түзілетін май қышқылдарының

ұлпаларда тотығатын субстраттардың бастапқы көзі болып та-

былады. Майлы қышқыл да бауыр мен мес қарын қабырғасында 

кетонды заттарға (негізінен бета-оксимай қышқылына) айналған 

соң, май қышқылдарын түзу үшін жəне энергия көзі ретінде пай-

даланылады. Сауын сиыр желіні артерия қанындағы ацетат пен 

бета–оксибутираттың жалпы мөлшерінің жартысына жуығын, ал 

глюкозаның үштен бірін сіңіреді.

Күйіс малының қанындағы липидтердің 3/4 бөлігі фосфо-

липидтер мен холестериннен, ал қалған бөлігі - үш глицерид-

терден, эфирленбеген май қышқылдарынан, ҰМҚ-дан тұрады. 

Азықтандырғаннан кейін қан құрамында ҰМҚ мен кетонды 

заттардың концентрациясы көбейіп, эфирленбеген май қыш-

қылдары азаяды.

Күйіс малында липидтер алмасуын жүргізуде бауыр мен 

май ұлпаларының қызметі басқа жануарлармен салыстырғанда, 

анық жіктелген. Олардың май ұлпалары май қышқылдарын 

пайдалануға жəне түзуге, ал бауыры - глюконеогенез процесіне 

жақсы маманданған. Демек, организмді қуатпен қамтамасыз 

ететін екі процесті өткізуге екі түрлі орган машықтанған, 

сондықтан олардың арасында көміртегінің көзі үшін бəсеке бол-

майды (А. А. Алиев). Сонымен қатар сірке қышқылы, эфирлен-

беген май қышқылдары, глюкоза, амин қышқылдары үшін май 

ұлпалары мен желіннің арасында бəсекелестік байқалады (си-

ырлар тəулігіне 1-1,5 кг сүт майын бөледі). Осыған байланысты 

бұл органдарға қажетті липидтер көзі инсулин мен глюкагонның 

арақатынасымен үйлестіріліп отырады. Атап өтер жайт, күйіс 

малында басқа түлікпен салыстырғанда липидтер алмасуының 

гормондық реттеу тетігі нашарырақ дамыған. Күйіс малында ал-

мастырылмайтын май қышқылдарына тапшылық байқалмайды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет