ыдырайды. Осының нəтижесінде түзілген жылу бір жағынан
неге тарайды. Сондықтан кейбір зерттеушілер өкпені химиялық
тек қосымша қызмет атқарады деген пікір айтуда.
раптық шектің ауытқулары əртүрлі болады. Ол малдың тұқымына,
317
дамуына, дене беткейінің көлеміне, малдың массасына) жəне
экологиялық жағдай мен жыл маусымына байланысты. Малда
жылу реттеу тетіктері жақсы дамыған, сондықтан олар суыққа
төзімді келеді. Масалы, ірі қараға өте төмен қатерлі нүкте жəне
кең термобейтараптық шек тəн (4
0
С-дан 20
0
С-қа дейін). Күйіс ма-
лында 4-20
0
С аралығында газ алмасу процесі тұрақты деңгейде
сақталады да, температура төменгі шектен суығаннан кейін ғана
ол күшейе бастайды.
Мал үшін, əсіресе, күйіс малында ыстық кезде дене темпера-
турасының тұрақтылығын сақтау өте қиын. Сиырлар ыстық кезде
ұлпалардағы зат алмасу процесін бəсеңдете алмайды, тіпті, мал
азық жемегеннің өзінде мес қарыннан ҰМҚ мен анорганикалық
фосфордың сіңуі тоқталмайды. Бұл заттар оттегіні сіңіруді
күшейтіп, жылу бөлуді арттыра түседі. Сондықтан шөп қоректі
жануарларда қоршаған орта температурасы жоғарылаған сайын
жылу өндіру азаймайды, керісінше, күшейе береді. Осыған байла-
нысты ыстық кезде олар дене температурасының тұрақтылығын
өте жақсы дамыған физикалық жылу реттеу тетіктері арқылы
сақтайды.
Жас төлдерде (қозы, бұзау, құлын) химиялық жылу реттеу
тетіктері жақсы қалыптасқан, сондықтан сыртқы орта темпе-
ратурасы жоғарылаған кезде оларда зат алмасу процесі күшейе
бермейді. Осыған байланысты төлдер сақа малмен салыстырғанда,
ыстыққа төзімдірек келеді. Ал, торайлар, үйрек пен тауық ба-
лапандары ыстыққа да, суыққа да төзімсіз болады, дегенмен
олардың организмінде де химиялық жылу реттеу тетігі орын ала-
ды. Сонымен мал ыстықтан гөрі суыққа жақсырақ бейімделген.
Сыртқы орта температурасының өзгеруіне байланысты дене-
де тек жылуды түзу ғана емес, оны сыртқа шығару процесі де
Достарыңызбен бөлісу: