Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет256/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

10.3. Зəрдің түзілу механизмі

Бүйректің негізгі қызметі - зəр түзу. Зəр түзу екі кезеңнен – 

сүзу жəне қайта сорудан тұратын күрделі физиологиялық про-

цесс.


Зəр түзу процесі нефрон қапшығына қанның сұйық бөлігінің 

сүзіліп шығуынан басталады. Осының нəтижесінде қапшық 

қуысында коллоид заттардан тазартылған, құрамы жағынан қан 

плазмасына ұқсас сұйық - алғашқы зəр пайда болады. Қапшық 

қабырғасынан қанның сүзілуіне шумақ тамырларында қысымның 

жоғары болуы (70-90 мм) жəне капиллярлар қабырғасындағы 

жасушалар себепші болады. Бұл жасушалар арқылы мальпи-

гий шумағынан молекулалық салмағы 70 000-нан артық заттар 

өтпейді, сондықтан алғашқы зəр құрамында белок болмайды. 

Осыдан оны белоксыз ультрафильтрат деп те атайды (соңғы 

кезде ультрафильтрат құрамында аз мөлшерде белоктар да бо-

лады деген ұғым қалыптаса бастады). Плазма құрамындағы кол-

лоидтар (негізінен белоктар) тудыратын онкостық қысым (с.б. 

30 мм) алғашқы зəрдің сүзілуін қиындатқанымен, мальпигий 

шумағындағы қан қысымы (70-90 мм) плазма коллоидтарының 

суды ұстап тұратын күшінен жоғары болады. Осы екі қысымның 

айырмасын (70-90 – 30 = 40-60 мм) сүзілу қысымы деп атайды. 

Нефрон қапшығына сұйық шумақ капиллярлары мен қапшық 

ішіндегі қысым теңескенге дейін сүзіледі.

Тəулігіне өте көп мөлшерде алғашқы зəр түзіледі. Мысалы, 

сиырда 540-1800 л. Бұл бүйрек қанмен өте мол жабдықталғанда 

ғана мүмкін болатын жайт. Сиыр тəулігіне 15 л зəр бөлсе, онда 

оның бүйрегінен 18000 л қан өту керек. Демек, əрбір 6-10 л 

қаннан 1 л алғашқы зəр түзіледі.




326

Қапшықтағы алғашқы зəр ирек түтіктер жүйесіне түскеннен 

кейін зəр түзудің екінші кезеңі - кері сору, басталады да, судың 

көп мөлшері, кейбір еріген тұздар, амин қышқылдары, глюкоза, 

т.б. қанға кері өтеді. Қайта сору процесі бүйректің зəр жүретін 

түтікшелерінің эпителийлік торшаларының арнаулы белсенділігі 

арқылы іске асады. Электронды микроскопиялық зерттеулер-

ге қарағанда нефрон түтікшелерінің ішкі бетінде ащы ішектегі 

сияқты микробүрлер болатын көрінеді. Əрбір торша бетінде 6500 

микробүр табылған. Олар түтікшелердің ішкі беткейін 40 есе 

өсіреді де, оның жалпы ауданы малда 40-50 м

2

-ге жетеді. Осындай 



морфологиялық ерекшеліктер қайта сору процесінің қарқынды 

жүруіне мүмкіндік береді. Арнаулы зерттеулер 100 л алғашқы 

зəрдің 98,5 литрі кері сорылатынын көрсеткен.

Қазіргі кезде амин қышқылдары, натрий, глюкоза белсенді 

механизм əрекетімен сорылатыны дəлелденді. Хлоридтер мен 

су осмос жəне диффузия зандылықтарына сəйкес сорылады. 

Белсенді тасымалдау тетігі нефрон түтікшелерінің проксимальдық 

бөлігінде шоғырланады, ал түтікшелердің дистальдық бөлігінде 

заттар қарапайым диффузиялық жолмен тасымалданады (122-су-

рет). Белсенді тасымалдау механизмінің əсерімен түтікшелердің 

қуысына концентрациялық градиентке қарсы түрлі ионды 

қосылыстар - холин, гистамин, гуанидин, тиамин, серотонин 

т.б. өтеді. Аталған ионды қосылыстарды тасымалдауда бүйрек 

түтікшелері мембранасындағы өте белсенді Nа

+

 жəне К



+

 тəуелді 

аденозинүшфосфатаза маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар 

бұл мембранада басқа да органикалық заттардың тасымалдануын 

қамтамасыз ететін белсенді тасымалдау жүйесі орналасады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет