319
Булану - сұйықтың (тердің) газ тəрізді күйге ауысу процесі.
Булану кезінде сұйықтан неғұрлым жылдам қозғалатын молеку-
лалар ұшып шығатындықтан, оның ішкі энергиясы кемиді, яғни
сұйық салқындайды. Булануға қажет жылу дененің бетінен боса-
нады да, оны салқындатады.
Жылудың белгілі бір бөлігі несеп жəне нəжіс арқылы шы-
ғарылады. Жалпы денеден бөлінетін жылудың 70 пайызы кон-
векциялық жəне радиациялық жолмен шығады. Қоршаған орта
мен тері температурасының айырмасы неғұрлым көп болса,
соғұрлым жылу тез бөлініп шығады. Жылу бөлу самал соқса,
тері тамырларының арнасы кеңісе күшейеді. Түктің қалыңдауы,
тері тамырлары арнасының тарылуы, тері шелінің қалыңдауы
жылудың бөлінуін азайтады (119-сурет).
Жылу шығару жолдары қызметінің арақатынасы түлік түріне,
малдың күйіне жəне қоршаған орта жағдайларына байланысты
өзгереді. Ауаның ылғалдығы жоғарыласа, булану процесі əлсіреп,
жылу негізінен өткізу жолы арқылы шығады. Ауыр жұмыс ке-
зінде немесе сыртқы орта температурасы жоғарылағанда жылу
көбінесе, булану жолымен бөлінеді де, радиациялық процесс
бəсеңдейді. Дене температурасы қоршаған орта температурасы-
нан жоғары болса, жылу өткізу жəне радиациялық жолдарымен,
ал бұл айырмашылық азайған сайын жылу тер арқылы бөлінеді. 1 г
термен 2,42 кДж жылу шығады.
Дене температурасын реттейтін орталық аралық мидың ги-
поталамус аймағында орналасқан. Гипоталамустың алдыңғы
бөлімінің торшалары қан температурасының жоғарылауына ре-
акция береді де, жылу бөлу орталығын, ал артқы бөлімінің тор-
шалары қанның салқындауына реакция беріп, жылу түзу (өндіру)
орталығын құрайды. Орталық не рефлекстік, не гуморальды жол-
мен қозады.
Жылу реттеуде тері рецепторлары маңызды рөл атқарады.
Терінің жылылықты немесе суықтықты қабылдайтын рецептор-
лары қозғанда импульстер жүйке орталығына беріліп, одан əрі
вегетативтік жүйкелер немесе ішкі секреция бездері арқылы зат
алмасу процесінің қарқынын өзгертеді. Сонымен қатар мұндай
кезде еттердің əрекеті, тамырлар арнасы, тер бөлу процесі өзгеріп,
тынысты реттейтін орталықтың қызметі күшейеді.
Жылуды гуморальды жолмен реттеуде қан тамырларындағы
немесе гипоталамустағы терморецепторларға қанның жылылық
деңгейінің əсері зор болады.
320
Жылуды реттеу процесіне үлкен ми жарты шарларының
(оның маңдай бөлігінің) торшалары да қатысады. Ми қыртысын
сылып тастаса, жылуды реттеу процесі нашарлайды. Сыртқы
орта температурасының ауытқуларына шартты рефлекстер оңай
қалыптасады. Дене температурасын реттеудегі шартты реф-
лекстік механизмдердің маңызын К. М. Быков пен А. Д. Слоним
зерттеген. Егер итті біраз уақыт суық бөлмеге (8-10
0
С) кіргізсе,
төменгі температураның əсерімен оның зат алмасу процесі
күшейеді. Осы тəжірибені 10-12 рет қайталағаннан соң, шартты
рефлекстің қалыптасуының нəтижесінде, бөлме температурасын
22
0
С деңгейінде ұстағанның өзінде оған кіргеннен кейін зат алма-
су процесі жоғарылап кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: