322
10-т а р а у
БӨЛУ ЖҮЙЕСІНІҢ ФИЗИОЛОГИЯСЫ
10.1. Бөлу (экскреция) процесінің маңызы
Зат алмасу процесі барысында бір жағынан организмге қажетті
жаңа қосылыстар түзілсе, екінші жағынан, организм пайдала-
на алмайтын қажетсіз ыдырау өнімдері пайда болады. Олардың
арасында белок пен нуклеин қышқылдарының ыдырау өнімдері
- несепнəр, несеп қышқылы, креатинин, аммиак сияқты уытты
өнімдер организмде көп жиналса, тіршілікке қауіп төніп, орга-
низм уланады. Қалыпты жағдайда бөлу жүйесіне жататын орган-
дар қызметінің нəтижесінде уытты ыдырау өнімдерінің мөлшері
бір деңгейде сақталады. Организмнің зат алмасу процесінің уыт-
ты өнімдерінен, түрлі бөгде заттардан, су, тұз жəне органикалық
заттардың шамадан тыс артық мөлшерінен арылуын қамтамасыз
ететін процесті бөлу немесе экскреция деп атайды.
Малда бөлу қызметін бүйрек, өкпе, тері, ас қорыту жолы
атқарады. Өкпе арқылы организмнен көмір қышқыл газы, су буы,
наркоздан кейін эфир мен хлороформ, алкоголь буы бөлінеді.
Ішек арқылы ауыр металл тұздары, өт бояуларының өнімдері
шығарылады.
Жоғары сатыдағы жануарларда негізгі бөлу органы бүйрек.
Бүйректе зəр (несеп) түзіледі. Оның құрамында организмнен зат
алмасу процесінің ақырғы өнімдері, негізінен азотты заттар –
несепнəр, несеп қышқылы, аммиак, креатинин, креатин бөлінеді.
Бүйрек - көпқырлы қызмет ақаратын орган. Организмнен
азотты заттардың ыдырау өнімдері мен əртүрлі бөгде заттарды
шығарумен қатар, ол денедегі сұйықтың мөлшерін, осмостық қы-
сым деңгейін, қанның иондық құрамы мен қышқыл-сілтілік тепе-
теңдігін, белоктардың, көмірсулардың, липидтердің, дəрмен-
дəрілердің алмасуын реттеуде маңызды рөл атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: