325
Бүйрек қанмен өте мол жабдықталады, басқа органдармен
салыстырғанда, оған қан 20 есе көп келеді. Мысалы, адамның
бүйрегіне минут сайын 750 мл қан бағытталады. Бір тəулікте бүйрек
тамырларынан 1700 л қан өтіп, оның 170 л қыртыстық қабаттағы
мальпигий шумақтарында сүзіледі. Адам организміндегі 5 л қан
тəулігіне бүйректен 200-300 рет өтеді. Салмағы 90-100 кг шошқа
бүйректерінен тəулігіне 1,5 мың л қан сүзіледі.
Адамның екі бүйрегінде 2 млн аса, ірі қарада – 8 млн, шош-
қада – 1,5, қойда – 1 млн нефрон болады. Нефрондардың ішкі
бет кейінің жалпы ауданы адамның екі бүйрегінде - 4-6 м
2
, сиырда
- 39,5, шошқада - 7,2, қойда - 3,5 м
2
. Əрбір нефронның ұзындығы
30-50 мм, ал олардың жалпы ұзындығы адамда 60-70
километрге
жетеді.
Достарыңызбен бөлісу: