Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет254/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

120-сурет. Нефронның құрылысы: 

1 - Ка 


пилляр шумағы; 2 - бірінші реттік 

(прок си мальдық) ирек түтік; 3,4 - нефрон 

ілгегінің төмендеу жəне өрлеу иіндері; 

 

5 - екінші реттік (дистальдық) ирек түтік; 



6 - жинағыш түтік; 7 - капиллярлар торы; 

8 - артерия; 9 - вена.



нефрон ілгегінің (Генле ілгегі) төмендеу иінін түзеді. Қалың 

бозғылт қабаттың бітер жерінде бұл түтікше ілгек тəрізді 

бұрылып қайта кеңейеді де, қыртыстық қабатқа қарай жоғары 

көтеріледі. Түтікшенің бұл бөлігін нефрон ілгегінің өрлеу иіні 

деп атайды. Жоғары өрлеген осы түтікше қыртыстық қабатта 

екінші реттік ирек түтікшелерге айналады да, жинағыш 

түтікшелермен жалғасады. Жинағыш түтікшелер өзара тоғыса 

келіп, еміздікшелер түзеді. Ал еміздікше түтікшелері зəрді бүйрек 

астаушасына құяды. Өз ретінде ол бүйрек қақпасынан бастала-

тын зəрағармен жалғасады. 

Бүйректің бозғылт затында зəр түзетін нефрондардан өз-

геше нефрондар да болады. Олардың шумақтары қыртыстық 

жəне бозғылт қабаттардың шекарасында жатады, ал ілгегі - бүй-

рек астаушасына іргелес орналасады. Мұндай нефрондарды 



юкстагломерулярлық нефрон деп атайды. Оның шумағы ірірек

қанды əкелуші жəне əкетуші тамырларының арнасы бірдей бо-

лады да, олар түтікшелер маңында капилляр торын құрмай, 

шумақтардан еміздікшелерге баратын қатар-қатар майда артерия 




324

тамырларына айналады. Бұл тамырлар бозғылт қабатқа дейін 

төмендеп, қыртыстық қабатқа қайта оралады. Осы майда арте-

риялар капиллярларға тарамданбай тікелей ұсақ веналармен бай-

ланысып, доғалық веналарға құяды. Бүйрекке келген қанның 80 

пайызы қыртыстық шумақтар, ал 20 пайызы юкстамерулярлық 

шумақтар арқылы өтеді.

Юкстамерулярлық аймақта əрбір 100 шумақтың 12-15 шу-

мағында қанды əкелуші жəне қанды əкетуші артериялар шу-

маққа енер не шығар жерде невромиоэпителийлі торшалар 

кешенімен жанасады да, юкстагломерулярлық аппарат деген 

атқа ие болады. Бұл құрылым екінші реттік иірімді түтікшелерге 

іргелес орналасады. Көптеген зерттеушілер пікіріне сəйкес осы 

юкстагломерулярлық аппаратта (ЮГА) ренин гормоны түзіледі. 

Ол альдостерон секрециясын күшейтіп, натрий иондарының не-

фрондар түтікшелерінің дистальдық бөліміндегі кері сорылуын 

жандандырады. Бүйректің бозғылт қабатының аралық торшала-

рында түзілетін гормондар (простагландиндер) ренинге кереғар 

əсер етеді, қан қысымын төмендетіп, электролиттер мен судың 

алмасуын реттейді.

Бүйректің қанмен жабдықталуында да айтарлықтай ерекше-

ліктер бар. Қыртыстық қабатта жіңішке артерия тамырлары - 



қанды əкелуші тамырлар, нефрон капсуласына еніп, онда ұзын-

дығы 0,5 мм шамасында, 30-50 капиллярларға тарамданады 

да, нефрон шумағын түзеді (121-сурет). Аталған капиллярлар 

жинала келіп қанды əкететін артериялар құрайды. Олардың 

диаметрі қан əкелуші тамырлардан 2 

есе тар келеді. Шумақтан шыққан та-

мыр ирек түтікшелер мен нефрон ілгегі 

тұсында қайтадан екінші рет капил-

лярлар торына тарамданады. Осыдан 

кейін ғана капилляр тамырларындағы 

қан вена торына жиналып, одан бүйрек 

венасына барып құяды. Шумақ ка-

пиллярында қан қысымы басқа ор-

ган капиллярларындағы қысымнан 

əлдеқайда жоғары (с. б. 70-90 мм). Оған 

əкетуші тамырлар диаметрінің тарлығы 

жəне оның қайтадан капиллярларға 

тарамдануы себеп болады. Бүйрек 

артериясының тікелей құрсақ қол 

қа-


сынан басталуы да қысымды жоға ры-

латады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет