Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет358/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   354   355   356   357   358   359   360   361   ...   542
14.8. Қозуды өткізу

Қозу процесіне жүйке немесе ет талшықтары бойымен өзді-

гінен таралу қасиеті тəн, сондықтан қозғыш ұлпалардың бір 

жерінде пайда болған əрекет потенциалы оның барлық бөліміне 

таралады. Тітіркеністі таратуға қажет қуат сол қозғыш ұлпалар-

дың өзінде АТФ-тың ыдырауы нəтижесінде бөлінеді. Күші жағы-

нан əрекет потенциалы ұлпаның қатар жатқан учаскесін тітір кен-

діруге қажетті табалдырықты күштен 5–10 есе басым келеді. Осы 

таралатын жүйке импульсі шеткей жүйке ұштарынан (рецеп-

торлардан) хабардың ОЖЖ-де ораналасқан жүйке орталықта  ры-

на, ал одан эффекторларға (атқарушы органдарға) өтуін қамта-

масыз етеді. 

Əрекет потенциалы айналмалы немесе шектелген токтың пай-

да болуы нəтижесінде таралады. Жүйке немесе ет талшықтарының 

белгілі бір учаскесі қозып, əрекет потенциалы туындаған кезде, 

осы қозған жəне көршілес - қозбаған учаскелер арасында по-

тенциалдар айырмасы пайда болады. Ол қозған жəне қозбаған 

учаскелердің ішкі жəне сыртқы беткейлерімен айналып отыра-

тын шектелген, айналмалы токтың пайда болуына соқтырады. 

Мембрананың ішкі бетінде ток қозған учаскеден қозбаған уча-

скеге, ал сыртқы бетінде - қозбаған учаскеден қозған учаскеге 

бағытталады (163,164-суреттер). 

Айналмалы токтың əсерінен мембрананың қозбаған учаскесі 

тітіркеніп, оның натрий иондарына өтімділігі артады да, осы жер-

де əрекет потенциалы пайда болады. Ал алғашқы қозған учаскеде 

тыныштық потенциалы қалпына келеді. Осы процесс қайталана 

отырып, қозу импульсінің мембрана бойымен өшпей, ілгерілей 

таралуын қамтамасыз етеді. Импульстердің кері бағытта оралу-

ына қозу толқыны өткен учаскеде рефрактерлік аймақтың пай-

да болуы мүмкіндік бермейді. Сонымен, қозу толқыны ет не-

месе жүйке талшықтары бойымен əрекет потенциалы түрінде 

таралады.



480

Ет жəне миелинсіз жүйке талшықтарында қозу импульсі 

мембрана бойымен қозған бөліктен іргелес жатқан қозбаған 

бөлікке бірсыдырғы, үзілмей таралады. Бұл құбылыс мембрана 

кедергісінің төмен болуымен байланысты. Осының салдарынан 

айналмалы ток талшық мембранасы бойының əр жерінен шығып, 

шашырай жайылып, не өшіп отырады. Талшықтарды тек қана 

мембрананың қозған бөлігіне жақын жерден шыққан ток қана 

тітіркендіре алады, себебі олардың күші табалдырықтан жоғары 

келеді. Қозған учаскеден алшақтаған сайын айналмалы токтың 

тітіркендіру күші əлсіреп, ол қозу процесін туындата алмайды.

Миелинді жүйке талшықтарында айналмалы токтар тек 

қана іргелес орналасқан қозған жəне қозбаған Ранвье үзілімдері 

ара сында пайда болады (165-сурет). Айналмалы токтың осы 

үзілімде шығуы мембрананы үйексіздеп, əрекет потенциалын 

тудырады. Дəл осы сипатта келесі үзілім қозып, қозу толқыны 

жүйке бойымен тарала береді. Осыған байланысты қозу толқыны 

миелинді жүйке талшықтарымен секірмелі, сальтаторлы (латын 

тілінде  Salto – секіремін, ырғимын деген мағына береді) түрде, 

ырғый тарайды. Қозу импульсі мұндай сипатпен тарағанда қуат 

аз шығындалады жəне оның таралу жылдамдығы шапшаңдайды. 

Мысалы, қозу импульсінің таралу жылдамдығы миелинсіз 

жүйке талшықтарында секундына 0,5-3 м, ет талшықтарында – 

5 м, ал миелинді жүйке талшықтарында – 30-120 м. Айта кетер 

жəйт, жүйке талшықтары неғұрлым жуан болса, соғұрлым олар 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   354   355   356   357   358   359   360   361   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет