Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет356/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   352   353   354   355   356   357   358   359   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

14.7. Əрекет потенциалы

Жүйке-ет ұлпалары түрлі тітіркендіргіштер əсерінен қозу 

жағ дайына келеді. Қозудың негізгі белгілерінің бірі торша мем-

бранасының электрлік күйінің өзгеруі болып табылады. Ті-

тіркендіру əсерімен мембрана заряды нөлге дейін күрт төмен-



477

дейді де, содан кейін кері белгімен қайта пайда болады. Осыдан 

торша мембранасы зарядының белгісі өзгереді де (ревресия), 

мембрананың ішкі беті оң, ал сыртқы беті - теріс зарядқа ие бо-

лады. Ұлпа тыныштық күйіне оралғаннан соң мембрананың 

бұрынғы заряды қалпына келеді. Жүйке жəне ет торшаларының 

қозуы кезінде пайда болатын мембраналық потенциалдың 

шапшаң тербелісін (спайк) əрекет потенциалы деп атайды. 

По тенциалдың осылай тербелісі 1–5 мс. созылады. Жүйке мен 

бұлшық ет талшықтарында əрекет потенциалдарының деңгейі 

115–120 мВ шамасында болады.

Əрекет потенциалы 0,5-0,8 мс созылатын потенциал шы ңы 

жəне іздік потенциалдан тұрады (162-сурет). Əрекет потен циа-

лының шыңы қозу процесі кезінде туындайды, ол өрлеу жəне 

төмендеу сатыларынан тұрады. Шыңның өрлеу сатысында алды-

мен мембрананың қалыпты үйектенуі жойылады, сондықтан оны 

үйексіздену деп атайды. Осыдан кейін потенциал белгісі өзгере ді 

-  реверсия байқалады. Шыңның төмендеу сатысында мембрана 

заряды тыныштық кездегі деңгейге оралады, оны қайта үйектену 

(реполяризация) деп атайды. Қайта үйектену жағдайында іздік 

үйексіздену  жəне іздік гиперүйектену құбылыстары байқалады. 

Іздік потенциалдар қозудан кейін басталатын қалыптастыру 

процестерінің дамуымен байланысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   352   353   354   355   356   357   358   359   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет