Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет359/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   355   356   357   358   359   360   361   362   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

164-сурет. Қозудың нерв бойымен тара-

лу сызбасы: 

А - физиологиялық ты ныш тық 

күйі, Ə,Б,В - ə рекет потен циалының таралу 

сатылары. Натрий ион  да рының енуі мембра-

наны үйексіз 

дендіреді, калий иондарының 

шығуы - гипер үйектендіреді



163-сурет. Айналмалы ток тү-

рін 


де қозудың ет талшықтары 

мен мие 


лин 

сіз нервтерде тара-

луы: 

а-қозған бөлік, ə-қозбаған 



бөлік. Нұс 

қамалар – токтың 

та  ралу  бағыты



481

қозу импульсін шапшаң өткізеді. Жуан жүйке талшықтарының 

қозғыштық қасиеті де жоғары болады. Сондықтан аралас жүй-

келерді əлсіз тітіркендіргіштермен тітіркендіргенде алдымен жу-

андау жүйке талшықтары қозады. Тітіркендіргіш күші арта түссе, 

біртіндеп майда жүйке талшықтары қозады да, əрекет потен-

циалының амплитудасы өсе бастайды.

Жүйке талшықтары қозу импульсін белгілі заңдылықтарға 

сəйкес өткізеді. Қозу толқыны жүйке талшығы тұтас жəне оның 

мембранасының иондық арналарының функционалдық бел-

сенділігі қалыпты күйде болғанда ғана өткізіледі. Бұл - жүйке 

талшықтарының тұтастық зандылығы. Жүйке талшықтарының 

тұтастығы бұзылса, немесе оның натрий иондарына арналған ар-

налары істен шығарылса, қозу толқыны өткізілмейді.



165-сурет. Миелинді жүйке талшықтарында қозудың секірмелі таралуы:

нұсқамалар токтың қозған (а) жəне қозбаған (ə) үзілімдер арасындағы таралуын 

көрсетеді

Қозу толқыны жүйкенің тітіркенген жерінен екі бағытта та-

ралады. Бұл -жүйке талшықтарында қозуды қос бағытта өткізу 

зандылығы. Бұл құбылыс жүйке құрамында орталыққа тепкіш 

жəне орталықтан тепкіш талшықтардың болуымен байланысты 

деген болжам да бар. Ет талшықтары да қозуды тітіркенген жер-

ден қос бағытта өткізеді.

Қозу толқыны бір жүйке талшығынан көршілес талшыққа 

берілмейді. Бұл қозуды жеке-дара өткізу заңдылығы. Жүйке 

тал шықтарының бұл қасиеті оларды қоршап тұрған миелин қа-

бығының болуына байланысты. Миелинсіз талшықтарда атал ған 

құбылыс оларды қоршап тұрған сұйық кедергісінің төмендігімен 

байланысты. Осының нəтижесінде айналымды токтың негізгі 

тұзақтары көршілес талшықтарға жетпей торша аралық сұйық 

арқылы жайылып кетеді.

Əлбетте қозу кезінде жүйке талшықтарында зат алмасу 

процесі күшейіп, оттегі шығыны өседі, көмір қышқылының 

бөлінуі артады, қуаты мол фосфорлы қосылыстардың (АТФ пен 

31–888



482

креатинфосфат) шығыны көбейіп, сүт қышқылы көп түзіледі, 

аммиак мол бөлінеді. Қозу кезінде жылу да көп өндіріледі. 

Бірақта қозған жүйке талшықтары қуатты көп шығындамайды. 

Олар қуатты тек натрий-калий сорабының қызметін атқаруға 

жұмсайды. Қуатты аз шығындап, ресинтез процестерінің күшті 

жүруімен байланысты жүйке талшықтары қажымайды. Тіпті, 

бірнеше сағат бойына үзбей тітіркендіргеннің өзінде жүйке 

талшықтары өткізгіштік қасиетін сақтайды (Н. Е. Введенский). 

Тұтас организмде жүйке талшықтарының қажымауының себе-

бі олардың құбылмалылығының жоғарылығымен байланысты

Жүй ке орталықтарында қозу импульстері секундына 50–100 рет 

жиілікпен туындаса, жүйке талшықтарының импульстер өткізіп 

үлгеретін мүмкіндігі одан əлдеқайда жоғары.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   355   356   357   358   359   360   361   362   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет