Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет354/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   350   351   352   353   354   355   356   357   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

159-суретТорша мембранасының 

моделі: 


1 - интегральды белок; 

2 - беткейлік белок; 3 - липидті қос қабат



160-сурет. Нейрон 

мембранасының ішкі жəне 

сыртқы беткейлеріндегі ион-

дар концентрациясы. 




475

14.6. Тыныштық потенциалы

Торша мембранасының ішкі жəне сыртқы беттерінің арасын-

да əркез электр потенциалдарының айырмасы болады: мембрана-

ның сыртқы беті оң, ал ішкі беті - теріс зарядталған. Физиология-

лық тыныштық жағдайындағы торша мембранасының сыртқы 

жəне ішкі бетінің арасындағы зарядтар айырмасын тыныштық 



потенциалы деп атайды. Қазіргі кездегі көзқарастарға сəйкес 

тыныштық потенциалдары да, əрекет потенциалдары да табиғаты 

жағынан мембраналық потенциал болып табылады.

Тыныштық потенциалын микроманипулятор көмегімен кварц 

шынысынан дайындалған іші электролитке толған өте жіңішке 

микроэлектродты жүйке немесе ет торшаларының ішіне өткізіп

екінші электродты торша беткейіне жанастыра отырып өлшеуге 

болады (161-сурет). 

Əртекті торшаларда тыныштық потенциалының деңгейі əр-

түрлі. Торша функционалдық тұрғыдан неғұрлым мықты маман-

данса, оның тыныштық потенциалы соғұрлым жоғары болады. 

Мысалы, жүйке жəне ет талшықтарының тыныштық потенциалы 

80-90 мВ, ал ол эпителий торшаларында бар болғаны 18-20 мВ 

шамасында. 

Қазіргі мембраналық теорияға сəйкес тыныштық потенциа-

лы мембрана арқылы иондардың ықпалды жəне ырықсыз түрде 

тасымалдануымен байланысты. Иондардың ықпалды тасымалы 

олардың концентрациялық градиентіне сəйкес қуат шығынын-

сыз жүреді. Торша ішінде калий ион-

дарының көп мөлшерде болатынын 

баяндап өткенбіз. Олар цитоплазмада 

еркін күйде болады.

Сонымен қатар торша ішінде көп 

мөлшерде органикалық қышқылдар 

(аспарагин, сірке, пропион, т.б.) ани-

ондары, аз мөл шерде анорганикалық 

аниондар жинақталады. Калий ион-

дары концентрациялық градиентке 

сəйкес торша беткейіне шығады да, 

торша ішіндегі аниондар əсерімен 

ұлпалық сұйыққа жайы 

лып кетпей, 

мембрананың сыртқы беткейінде 

шоғырланады. Ал аниондар мем-

бранадан өте алмайды да, торша 

мембранасының іш 

кі бетінде жина-



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   350   351   352   353   354   355   356   357   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет