Оқулық. Алматы: жшс рпбк


-кесте. Қаңқа етінің белоктық құрамы



Pdf көрінісі
бет368/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   364   365   366   367   368   369   370   371   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

42-кесте. Қаңқа етінің белоктық құрамы

Белоктар


Молекулалық 

массасы, мың 

дальтон

Пайыз 


мөлшері

Миозин 


Актин – γ

Тропомиозин 

Тропонин комплексі (ТнТ, ТнІ, ТнС) 

Актин – α 

Басқа белоктар (миоглобин, 

ферменттер т.б.).

460

46

70



76

180


-

55-60


20-25

4-6


4-6

1-2


5-10

Бірыңғай салалы еттер бүйірлі (шүйке тəрізді) жəне жұлдыз 

пішінді, ұзындығы 60-200 мкм, диаметрі 4-8 мкм ет торшаларынан 

- миоциттерден құралған. Буаздық кезеңінде жатыр миоциттерінің 

ұзындығы 500 мкм жетеді. Олардың ядросы торшаның ортасын-

да орналасқан. Торша жиырылғанда ядро бұрғы тəрізді бұралып 

кетеді. Ядро маңында митохондриялар мен басқа да нəрлендіргіш 

(трофикалық) компоне нттер жинақталған.

Бірыңғай салалы ет торшаларының саркомплазмасында 

ұзындығы 1-2 мкм шамасында актин жəне миозин профибрил-

лалары кездеседі. Олар торшаны бойлай орналасады, бірақ 

миофибриллаға бірікпейді. Осымен байланысты бірыңғай са-

лалы ет талшықтарында көлденең жолақтар байқалмайды. Тор-

ша саркоплазмасы ішінде кальций иондары бар көптеген көпір-

шіктер кездеседі. Олар көлденең жолақ ет талшықтарының 

саркоплазмалық торына тəн қызметтерді атқаратын болу керек.

Бірыңғай салалы ет торшалары ерекше байламдар (десмо-

сомалар) арқылы бірігіп, торша аралық гликопротеиндік зат-

тармен, коллаген жəне эластин талшықтарымен жабысқан 

тығыз шоқтар құрайды. Осындай торшалары бір-бірімен тығыз 

жанасқан, бірақ цитоплазмалық жəне мембраналық біртұтастығы 

жоқ құрылымдарды «функционалдық синцитий» деп атайды. Ал 

мұндай синцитий құрайтын торшаларды бірыңғай (унитарлы) 

торшалар дейді. Қозу процесі мұндай торшалардан бір-біріне еш 

кедергісіз, оңай беріледі.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   364   365   366   367   368   369   370   371   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет