Оқулық. Алматы: жшс рпбк


W) мөлшерін жүктің мас- сасын ( Р



Pdf көрінісі
бет381/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   377   378   379   380   381   382   383   384   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

W) мөлшерін жүктің мас-

сасын (


Р) ол көтерілген биіктікке (h) көбейту арқылы анықтайды 

да, килограммометр бірлігімен өлшейді: 



W = Р h (кгм).

Еттің жұмысы ол көтерген жүк мөлшеріне, жұмыс ырғағына 

байланысты өзгеріп отырады. Ет жұмысының жүк салмағына 

қарай өзгеруін орташа салмақ заңымен бейнелейді: салмақ ор та-

ша болса, ет күшті жиырылады, ет қызметі мықты болады. Бұл-

шық еттің ең күшті жұмысы жиырылудың ырғағы орташа бол-

ғанда байқалады (орташа жылдамдық заңы). 

Бұлшық еттің қажуы. Қажу деп əрекет атқарғаннан кейін 

жеке органдардың немесе бүкіл организмнің жұмыс қабілетінің 



уақытша төмендеуін, не жойылуын айтады. Бұлшық ет ұзақ 

уақыт жұмыс атқарудың салдарынан қажиды. Бұл құбылыс еттің 

қуаттық қорының азаюының белгісі, сондықтан биологиялық 

тұрғыдан оның маңызы зор. Қажыған кезде еттің функционалдық 

қасиеттері - қозғыштығы, лабильділігі жəне жиырылғыштығы, 

төмендейді. Қажудың салдарынан еттің жиырылу күші бірте-

бірте əлсірей бастайды, дара жиырылу сызығы көлбеу тартып, 

босаңсу сатысы ұзарады.

Қаңқа еттері бірыңғай салалы еттерден шапшаңырақ қажиды. 

Ал, қаңқа еттерінде алдымен, ақ еттер, содан соң қызыл еттер қажиды.

Қажудың мəні əлі толық анықталмаған. Бұл құбылысты тү-

сін діру үшін И. Шифф титықтау теориясын ұсынған. Бұл 

тео рия бойынша қажу процесі бұлшық еттегі қуат қорының, 

атап айтқанда, гликогеннің азаюына байланысты туындайды. 

Бірақ терең зерттеулер өте қатты қажыған бұлшық еттің өзінде 

гликогеннің жеткілікті мөлшерде болатынын көрсетті.

Е.Пфлюгердің  улану теориясына сəйкес жұмыс үстінде 

бұлшық етте сүт жəне фосфор қышқылдары мен басқа да алмасу 




505

өнімдері жиналып, олар зат алмасу процесіне жағымсыз əсер етеді 

де, органның əрекетін нашарлатады. Фосфор қышқылы кальций 

иондарын байланыстырып, еттің жиырылу күшін əлсіретеді. Зат 

алмасу өнімдері бұлшық ет талшықтары мембранасының əрекет 

потенциалын тарату қабілетін төмендетеді.

Аталған екі теория да жекеленген ет талшықтарына жүргі-

зіл ген тəжірибелер нəтижесіне сүйеніп, ұсынылған. Сондықтан 

олар қажу процесін біржақты жəне үстіртін түсіндіреді. Бұл 

тео рияларда қажу кезінде байқалатын кейбір реакциялар осы 

процестің себебі ретінде қабылданған.

Біртұтас организм жағдайында жүргізілген тəжірибелер қажу 

процесі кезінде бұлшық етте қуат көзі - АТФ пен гликоген қо-

рының, креатинфосфат деңгейінің азаятынын, оттегі тапшылығы 

туындайтынын көрсетті. Сонымен қатар бұлшық еттің жиыры-

лу процесін қамтамасыз ететін белоктарында да құрылымдық 

өзгерістер байқалады. Атап айтқанда, актомиозин құрамындағы 

сульфгидрильдік топтар азайып, АТФ-тің əрекеті бұзылады.

Табиғи жағдайда организмнің қимыл аппаратының қажуы көп 

факторлы процесс. Тұтас организмде органдарға қоректік заттар 

мен оттегі толассыз жеткізіліп, алмасу өнімдері үздіксіз шайылып 

əкетіліп отырады. Қажыған кезде органның жұмыс қабілетінің 

төмендеуімен қатар, көптеген органдар мен жүйелердің (шеткі 

жүйке-ет аппаратының, тыныс алу, қан айналым жүйелерінің) 

қызметі бұзылып, гипоксия, гипогликемия, алмасу өнімдерінің 

əсерінен жүйке торшаларының қызметі төмендейді, орталық 

жəне вегетативтік жүйке жүйелерінің реттеуші қызметі нашар-

лайды, қимылдар үйлесімі бұзылады.

Бұлшық еттің қажуының негізінде еттің жиырылғыш аппа-

ратындағы немесе жүйке-ет жалғамаларындағы (синапс) өзге-

рістер жатады. Бұл өзгерістер негізінен жекеленген ет тал-

шықтарының қажуын тудыратын себептердің - ацетилхолин 

қо рының азаюы, АТФ пен КФ-тің тапшылығы, сүт қышқылының 

жинақталуы, көмірсулар қорының азаюы нəтижесінде туын-

дайды. Бірақ əрекет түріне қарай аталған факторлардың қажу 

процесін тудырудағы рөлі өзгеріп отыруы мүмкін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   377   378   379   380   381   382   383   384   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет