Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Бұлшық ет жұмысы жəне еттің қажуы



Pdf көрінісі
бет380/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   376   377   378   379   380   381   382   383   ...   542
15.6. Бұлшық ет жұмысы жəне еттің қажуы

Бұлшық ет күші. Еттің жиырылу дəрежесі тітіркендіргіш кү-

шіне, еттің өзінің морфологиялық ерекшеліктеріне жəне физио-

логиялық күйіне байланысты. Ұзын бұлшық еттер келте еттермен 

салыстырғанда көбірек қысқарады.

Еттің жиырылу күші оның созылу деңгейімен байланысты 

өзгереді. Еттің аз шамада созылуы серпінділік компонеттерін 

ширықтырып, жиырылу күшін арттырады. Ал, ет шамадан тыс 

созылса, оның жиырылу күші əлсірейді. Оның себебі ет күшті 

созылғанда актин мен миозин жіпшелерінің жанасу аймағы аза-

йып, оларды қосатын өсінділер саны кемиді.

Еттің күшін изометриялық жиырылу кезінде олардың мак-

симальды ширығу мүмкіндігімен немесе көтерген жүгінің 

сал 

мағымен анықтайды. Еттің күші оның қалыңдығына емес 



фи зиологиялық көлденең енінің (талшықтар бағытына перпен-

дикуляр қиындысының) мөлшеріне байланысты. Таранды жəне 

жартылай таранды еттер күштірек болады да, бүйірлі еттер одан 

əлсіздеу, ал талшықтары параллель орналасқан еттер өте əлсіз 

келеді (175-сурет). Бұлшық еттің изометриялық жиырылу кезінде 

барлық ет талшықтарының қатысуымен қалыптастырған ширығу 

(кернеу) деңгейін еттің максимальды күші деп атайды.

175-сурет. Талшықтары əртүрлі бағытта орналасқан еттердің анатомиялық 

(а-а) жəне физиологиялық (б-б) көлденең ені: 

А – талшықтары қатар (парал-

лель) орналасқан, Ə – сыңар таранды, Б – қос таранды, В – көп таранды еттер

Еттің максимальды күші оның құрамына енетін талшықтар-

дың санына, жуандығына байланысты. Бұл көрсеткіштер еттің 



анатомиялық көлденең енін құрайды. Еттің максимальды күшінің 


504

оның анатомиялық көлденең еніне қатынасын еттің салыстыр-



малы күші деп атайды. Ол кг/см

2

 өлшемімен бағаланады. Ал 



еттің максимальды күшінің оның физиологиялық көлденең еніне 

қатынасын еттің абсолюттік күші дейді. Жұмыс барасында 

еттің көлденең ені үлкейеді де, оның күші арта түседі.

Ет жұмысы. Ет жиырылған кезде оның ұзындығы қысқарып, 

белгілі жұмыс атқарылады. Еттің нақтылы жүкті қозғалту, 

буын арқылы сүйек қимылдарын қамтамасыз ету үшін атқарған 

жұмысын динамикалық жұмыс дейді. Бұлшық ет изометриялық 

жиырылу жағдайында болғанда, оның ұзындығы өзгермегеннің 

өзінде жұмыс атқарылады, мысалы, белгілі мөлшердегі жүкті 

ұстап тұру. Бұл жұмысты статикалық жұмыс деп атайды.

Еттің динамикалық жұмысының (





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   376   377   378   379   380   381   382   383   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет