Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Бірыңғай салалы еттердің функционалдық



Pdf көрінісі
бет382/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   378   379   380   381   382   383   384   385   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

15.7. Бірыңғай салалы еттердің функционалдық 

ерекшеліктері

Жоғары сатыдағы жануарлар организмінде бірыңғай сала-

лы еттер ішкі ағзалар мен қан тамырлары қабырғасында, теріде 

кездеседі. Олар қаңқа еттерінен баяуырақ жиырылады, жиырылу 

жағдайын ұзақ уақыт сақтай алады.



506

Бірыңғай салалы еттер бүйірлі (ұршық тəрізді) ет торшала-

рынан құралған. Əр торшаның ұзындығы 30-500 мкм (ас қорыту 

ағзаларында 70-400 мкм), диаметрі 2-10 мкм шамасында. Сырты-

нан ол плазмалық мембранамен қапталады. Мембрана беткейінде 

ойыстар жəне бүйір өсінділер болады. Бүйір өсінділер торшалар 

арасындағы буындық байланысты қамтамасыз етеді. Осы буын-

дар тұсында іргелес орналасқан торшалардың плазмалық мем-

браналары беткейлік мембранамен бірігіп кетеді де, екі торша 

арасында тығыз жанасу табақшасы (нексус) пайда болады.

Бірыңғай салалы еттерге өзіндік құрылымдық, жүйкелену, 

қанмен жабдықталу, зат алмасу ерекшеліктері тəн. Осымен бай-

ланысты олардың физиологиялық қасиеттерінде белгілі өзге ше-

ліктер байқалады.

Қан тамырлары мен ұрықтық өзек жолы қабырғаларының 

миоциттерінен басқа барлық бірыңғай салалы ет торшалары на 



электр потенциалының өздігінен туындау қасиеті тəн. Бірың ғай 

салалы еттердің тонусы оларды жүйкесіздендіргеннен, оқшау-

лағаннан кейін де сақталады. Демек, еттің бұл түрінде қозу тол-

қыны жүйке импульсінің əсерінен емес, жүрек етіндегі сияқты 

миогендік жолмен пайда болады. Кей жағдайда бұл құбылысты 

бірыңғай салалы еттер автоматизмі деп атайды.

Қозу толқыны бірыңғай салалы еттің негізгі торшаларынан 

электрофизиологиялық қасиеттерімен ерекшеленетін пейсме-

кер деп аталатын торшаларда пайда болады. Ағылшын тілінен 

аударғанда пейсмекер деген сөз ырғақ беруші деген мағына 

береді. Бұл торшаларға электрлік тербелістер тудырып, оларды 

басқа торшаларға таратып отыратын қасиет тəн.

Бірыңғай салалы ет торшаларында тыныштық потенциалы-

ның дейгейі төмен, 10-20 мВ шамасында. Тыныштық потенциа-

лын тудыруда натрий, калий иондарымен қатар кальций жəне 

хлор иондары қатысады. Ал, əрекет потенциалы пейсмекерлік 

по тенциал əсерімен кальцийлік арналардың активтенуі салдары-

нан торша мембранасының табалдырықты деңгейге дейін үйек-

сізденуі нəтижесінде пайда болады.

Бірыңғай салалы еттердің қозғыштық қасиеті төмен. Оның 

қозу табалдырығы жоғары, ал хронаксиясы ұзақ болады.

Бірыңғай салалы еттерде де қозу импульсі айналымды электр 

тогы арқылы таралады. Сонымен қатар қозу процесі бір тор-

шадан іргелес орналасқан торшаға оңай өтеді. Қозудың таралу 

жылдамдығы секундына бірнеше миллиметрден бірнеше санти-

метрге дейін жетеді. Мысалы, ішек қабырғасында қозу секунды-

на 1 см, жатырда 18 см жылдамдықпен таралады,




507

Бірыңғай салалы еттердің жиырылу кезеңі ұзағырақ, əсіресе, 

оның босаңсу кезеңі созылыңқы келеді. Бірыңғай салалы еттердің 

жасырын кезеңі де ұзаққа созылады.

Көлденең жолақ ет сияқты бірыңғай салалы еттерге де икем ді-

лік жəне созылғыштық қасиеттері тəн. Бірақ олардың созылғыш-

тық қасиеті икемділік қасиетінен нашарырақ дамыған. Созыл-

ғыш тық қасиет əсіресе, ішкі қуыс ағзаларда жақсы байқалады, 

осымен байланысты қуыс ағзалар толған сайын олардың қа-

бырғасы созыла түседі де, ішіндегі қысым өзгермейді. Мысалы, 

ит қарнына 240, не 460 мл сұйық құйылғанның өзінде, ондағы 

қысым өзгермей, су бағанасымен 7 мм шамасында сақталады. 

Дəл осындай жағдай қуықта да байқалады.

Бірыңғай салалы еттерде тонус жақсы жетілген жəне тонустық 

жиырылу кезінде олар онша көп энергия шығындамайды. Кейбір 

бірыңғай салалы еттерде автоматизм қасиеті жақсы дамыған. 

Бұл қасиетке миогендік табиғат тəн.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   378   379   380   381   382   383   384   385   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет