15.5. Ет жиырылуының қуаттануы
Бұлшық ет - химиялық энергияны механикалық жəне жылу
энергиясына айналдыратын құрылым. Əрекет үстінде ол энер-
гияның көп мөлшерін жылу түрінде жоғалтады, бірақ бұлшық ет
өте жетілдірілген іштен жанатын двигательмен салыстырғанда
əлде қайда үнемді жəне тиімді жұмыс істейді. Оның пайдалы
əсер коэффициенті 50 пайызға дейін жетеді, ал бұл көрсеткіш
іштен жанатын двигательде 35 %- дан аспайды.
Қуат көзі ретінде бұлшық ет АТФ-ті пайдаланады. Осы
мак
роэргиялық қосылыс ыдыраған кезде бөлінген қуат торша
мембранасының ішкі жəне сыртқы бетінде натрий мен калий ион-
дары концентрациясының градиентін қамтамасыз ететін натрий-
калийлік сораптың қызметі атқарылуы үшін, актин жіпшелерін
миозин жіпшелерінің бойымен жылжытып, етті жиырылту
үшін, кальций иондарын саркоплазмалық торға қайта айдайтын
кальцийлік сорап қызметін қамтамасыз ету үшін жұмсалады.
Бұлшық етте АТФ қоры онша көп емес, 5 ммоль/л шама-
сында. Ет жиырылған кезде АТФ ыдырап, АДФ, анорганикалық
фосфор жəне энергия бөлінеді. АТФ миозиннің АТФ-азалық
белсенділігі арқасында ыдырайды. Бұл фермент əсерін актин мен
магний иондары жандандырады. Демек, бұлшық ет жұмысы ба-
рысында АТФ қоры кеми түседі, сондықтан ет тек АТФ-тің қайта
түзілуі (ресинтезі) толассыз жүріп отырғанда ғана дұрыс қызмет
атқарады. АТФ ресинтезі креатинфосфаттың креатин мен фосфор
қышқылына ыдырауы нəтижесінде жүреді. Одан əрі ферменттік
жолмен фосфор қышқылының қалдығы АДФ-ке ауысады да,
АТФ түзіледі.
Креатинфосфат + АДФ
АТФ + креатин
Достарыңызбен бөлісу: |