Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Қозу толқынының жалғамамен (синапспен) берілуі



Pdf көрінісі
бет388/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   384   385   386   387   388   389   390   391   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

16.3. Қозу толқынының жалғамамен (синапспен) берілуі

Қозу толқыны жүйке талшықтарынан атқарушы құрылым-

дарға - ет, без торшаларына, жалғама (синапс) арқылы беріледі.

Синапс немесе жалғама (грек тілінде sіnapsіs - жалғау

байланыс деген мағына береді) деп қозуды немесе тежелуді 

біржақты өткізетін торша аралық үзілмелі байланыстың ерекше 

түрін айтады. Олар бірнеше принциппен жіктеледі. Жалғама-

лар орналасу орнына қарай орталық жəне шалғай, қызметіне 

қарай - қоздырғыш жəне тежеуші, қозуды өткізу тəсіліне қа рай - 



химиялық, электрлік, аралас, бөлетін медиаторлар табиғатына 

қарай - холинергиялық жəне адренэргиялық болып бөлінеді. 

Жалғамалар нейрондар мен нейрондарды (нейрон аралық), 

аксон ұшы мен ет талшықтарын (жүйке-еттік), аксон мен 

нейрон денесін (аксо-тұлғалық), аксон мен дендритті (аксо-

дендриттік), т.б. жалғастыруы мүмкін. Оларға морфологиялық 

жəне функционалдық ерекшеліктеріне қарамай ортақ құры-

лымдық принцип тəн. Синапс үш бөліктен: алдыңғы шептік 

(пресинапстық), артқы шептік (постсинапстық) мембраналар-

дан жəне синапс саңлауынан, тұрады (177-сурет).

Аяқталар жерінде аксон ұшы миелин қабығын жоғалтып, сəл 

жуандайды да, көптеген тарамдар түзеді. Осы тарамдар мембра-

насы  пресинапстық мембрана деп аталады. Оның ішінде мито-

33–888



514

хондриялар жəне медиаторлы көпіршіктер орналасады. Аталған 

тармақтар ет талшықтары мембранасымен түйіскенде, онда 

көптеген ойыстар мен қатпарлар пайда болады. Атқарушы орган 

торшалары мембранасының осы бөлігін постсинапстық мем-

брана деп атайды. Пресинапстық жəне постсинапстық мембрана-

лар арасында ені 50 нм кеңістік - синапстық саңылау орналасады.

Сонымен, аксонның ұшы бұлшық ет мембранасымен көптеген 

ойыстар мен қатпарлар жасай түйіседі. Осының нəтижесінде 

постсинапстық мембрананың аксон ұшымен жанасу беткейі 

үлкейеді. Ет талшығының синапс түзуге қатысатын аймағын 



шеткей əрекет табақшасы деп атайды.

Баяндалып өткен құрылым қозуды химиялық жолмен өт-

кізетін синапстарға тəн. Синапстың бұл түрінде қозу ацетил-

холин медиаторын бөлу арқылы өткізіледі. Қозу импульсінің 

əсерімен жүйке ұшының мембранасы үйексізденіп, синапстық 

көпіршелер мембранамен жанасады да, олардың қуысындағы ме-

диаторлар экзоцитоздық жолмен синапстық саңылауға бөлінеді. 

Бұл құбылысты жүйке ұштарына сырттан кальцийлік арналар 

арқылы өткен кальций иондары жандандырады.

Ацетилхолин синапстық саңлаудан өтіп, шеткей əрекет та-

бақшасы мембранасында орналасқан рецепциялық белоктар-

мен (холинрецепторлармен) байланысады да, мембрананың на-

трий мен калий иондарына өтімділігін жоғарылатады. Осының 

нəтижесінде натрий иондары торшаға еніп, одан калий иондары 

шығады да, шеткей əрекет табақшасы шамамен 75 мВ-тан 10 мВ-

қа дейін үйексізденеді. Əрекет табақшасының үйексізденуі салда-

рынан қоздырушы постсинапстық потенциал (ҚПСП) туындайды 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   384   385   386   387   388   389   390   391   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет