Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Жүйке талшықтарының физиологиялық қасиеттері



Pdf көрінісі
бет387/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   383   384   385   386   387   388   389   390   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

16.2. Жүйке талшықтарының физиологиялық қасиеттері

Жүйке талшықтарына қозғыштық, құбылмалылық, қозу тол-

қы нын даралап жəне қос бағытта өткізу тағы басқа қасиеттер тəн.

Қозғыштық. Жүйке талшықтарының қозғыштығы өте жоғары. 

Миелинді талшықтар миелинсіз талшықтармен салыстырғанда, 

қозғыш келеді. Мəселен, сүт қоректілердің қозғағыш жүйкелерінің 

хронаксиясы 0,05–0,2 мс болса, симпатикалық жүйкеде ол 5 мс. 

созылады.

Құбылмалылық. Жүйке талшықтарының функционалдық 



512

құ был малығы да өте жоғары. Оларда қозу толқыны басқа 

ұлпалар 

мен салыстырғанда, шапшаң пайда болып, тез өшеді. 

Демек, шеткі жүйкелерде қозу толқыны аз ғана уақытқа со-

зылады, сондықтан жүйке талшықтары өте жиі тітіркендіру 

ырғағын игере алады. Жүйке торшалары үшін қозу толқынының 

максимальдық ырғағы секундына 100 тітіркеністен артпайды, ал 

оптимальдық ырғақ секундына 10-12 тітіркеніс. Осы торша аксо-

ны үшін максимальдық ырғақ секундына 300-500 тітіркеніс бол-

са, оптималдық ырғақ 100-175 тітіркеніс шамасында. Миелинді 

жүйкелердің лабильділігі миелинсіз жүйкелерден жоғары. Мы-

салы, миелинді жүйке талшықтары секундына 500-ге дейін қозу 

толқынын тудыра алады.



Қозуды жеке-дара өткізу. Əрбір жүйке көптеген талшықтардан 

құралған, бірақ қозу импульсін əрбір талшық жеке-дара өткізеді, 

іргелес жатқан талшыққа таратпайды. Осымен байланысты 

жүйке импульсі тек қозған талшықпен түйісетін құрылымға 

ғана беріледі. Жүйкенің бұл қасиеті миелин қабығының болуы-

мен байланысты. Жүйкенің өткізгіштігі неғұрлым жоғары бол-

са, оның миелин қабығы соғұрлым қалың келеді. Оның себебі 

қозуды өткізу жылдамдығы жоғарылаған сайын, əрекет тогының 

күші арта түседі. Миелинсіз талшықтарда қозу толқыны баяу та-

ралады, əрекет потенциалы əлсіз болады. Жүйке талшығының 

қабығы жұқа болғанының өзінде жүйке талшығын қоршап жатқан 

сұйықтың кедергісінің төмендігімен байланысты қозу толқыны 

дараланып өткізіледі. Бұл жағдайда айналмалы токтың негізгі 

тұзақтары қатар жатқан талшыққа берілмей, талшықаралық 

саңылаудағы сұйық арқылы өтіп отырады.

Тұтастық зандылығы. Қозу импульсі жүйке талшықтарымен 

оның анатомиялық тұтастығы мен талшық мембранасының 

қалыпты функционалдық белсенділігі сақталған жағдайда ғана 

өткізіледі. Жүйке талшықтарын механикалық жолмен зақымдау 

немесе натрий арналарын арнаулы заттармен тығындау (блокада-

лау) жүйкенің өткізгіштік қасиетін жояды.



Қозуды қос бағытта өткізу. Қалыпты жағдайда жүйкенің қоз-

ған учаскесінде рефрактерлік құбылыстың дамуымен байланыс-

ты қозу толқыны кері бағытта таралмайды. Дегенмен, аксонның 

қозғыштығы жоғары (триггерлік) бастапқы сегменттерінде қозу 

толқыны қос бағытта - аксон ұшына жəне нейрон денесіне қарай 

таралады.



Жүйкедегі зат алмасу. Жүйке талшықтарындағы қозудың жал-

пылама белгілерінің бірі - зат алмасу процесінің күшеюі. Қозған 

жүйкеде оттегі шығыны артып, көмір қышқыл газы көп бөлінеді, 



513

энергияға бай фосфорлы қосылыстардың (АТФ, КФ) шығыны ар-

тып, сүт қышқылының, аммиактың түзілуі көбейеді. Қозу салда-

рынан аксон ұшында медиаторлар бөлінеді, жылу түзу қарқыны 

орта есеппен 20–30 пайызға артады. Бірақ жалпы алғанда, қозу 

үстіндегі талшықтар онша көп энергия шығындамайды. Ол энер-

гияны тек натрий - калийлік сораптың жұмысын қамтамасыз ету 

үшін ғана пайдаланады.



Жүйкенің қажымауы. Жүйке қалыпты жағдайда қажымайды. 

Оның себебі зат алмасу процесі қарқынының төмен болуында 

жəне қайта синтездеу процестерінің шапшаң жүруінде. Н. Е. Вве-

денский бірнеше сағат бойына жүйкені ырғақты тітіркендірген-

нің өзінде оның қозуды өткізу қабілетінің жоғалмайтынын, де-

мек жүйкенің баяу қажитынын дəлелдеген. Жүйкенің қажымау 

себебінің бірі - оның лабильділігінің жоғарылығында. Қалыпты 

жағдайда жүйке торшалары секундына 50–100 импульс тудырып 

үлгерсе, жүйке талшықтары одан əлдеқайда көп импульстерді 

өткізіп үлгеруге бейімделген.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   383   384   385   386   387   388   389   390   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет