Жүйке жүйесі жүйке ұлпасынан құралған. Ал, жүйке ұлпасы
ды. Нейронның ядролы тұлғасы жəне одан жан-жаққа тарай-
тын көптеген өсінділері болады. Соңғылар денриттер - қысқа
атқарушы органға өткізетін өсінді. Нейрон өсінділері сырты-
кабелі іспеттес құрылым. Олардың негізгі қызметі - тітіркеністі
жүйкелік процесті айтады. Бір жүйке құрамында бірнеше мың
жүйке талшықтарының будасы болып табылады. Мысалы, тек
510
Қызметіне қарай жүйке
сезімтал, қозғалтқыш жəне
аралас болып үш топқа бөлі-
неді. Сезімтал жүйке тітір-
кеністі дененің шеткі аймақ-
тарынан жүйке жүйесінің
орталық бөліміне өткізеді,
сон дықтан оларды орта лыққа
тепкіш, немесе афференттік
жүй келер деп те атайды. Бұл
жүйкелер тек сезімтал жүй-
ке тал шықтарынан құралады.
Қозғалт қыш жүйке, керісін
ше, тітіркеністі орталықтан шет-
ке, орындаушы мүшелерге қарай өткізеді. Оларды орталықтан
тепкіш немесе эффереттік жүйкелер дейді. Бұл жүйкелер
қозғалтқыш жүйке талшықтарынан құралған. Ал аралас жүйкелер
құрамында тітіркеністі қарама-қарсы екі бағытта өткізетін
орталыққа тепкіш жəне орталықтан тепкіш жүйке талшықтары
болады.
Құрылысы жағынан жүйке паранхималық құрылым. Ол екі
құрамадан - стромадан (төсеміктен) жəне паренхимадан (ішкі
ұлпадан) тұрады. Жүйке паренхимасын оның құрамына енетін
жүйке талшықтары құрайды. Ал, оларды бір-бірімен біріктіріп
тұратын борпылдақ жəне дəнекер ұлпа жүйкенің стромасын
түзеді. Жүйкені сыртынан қоршап тұратын дəнекер ұлпаны - эндо-
неврий, ал оларды бір-бірімен байланыстырып, талшықтар буда-
сын құрайтын дəнекер ұлпаны - периневрий жəне осы талшықтар
будаларын бір-бірімен байланыстырып, сыртынан қоршай келе
жүйкеге айналдыратын дəнекер ұлпаны - эпиневрий деп атайды.
Құрылым ерекшеліктеріне қарай жүйкелер үлпекті (миелинді)
жəне үлпексіз (миелинсіз) болып бөлінеді. Миелинді жүйке
талшықтары жуандау, олардың диаметрі 1–25 мкм шамасын-
да болады да, миеленсіз талшықтар жіңішке (0,5–2,0 мкм)
келеді. Миелинді талшықтар миелин жəне шван қабықтарымен
қапталған, ал миелинсіз талшықтарда тек шван қабығы болады.
Миелинді талшықтың ортаңғы цилиндрі - оқтығы болады да,
оның айналасында миелин қабығы жəне тізбектеле Шван торша-
лары орналасады. Миелин қабығы электр изоляторы рөлін жəне
нəрлендіру қызметін атқарады. Шван қабығы біртұтас құрылым
емес, оның тіркес жатқан екі торшаларының арасы қылталана
үзіліп, Ранвье үзілімін - қылтасын құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: