Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет386/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   382   383   384   385   386   387   388   389   ...   542
176-сурет. Жүйкенің көлденең кесін-

дісінің бейнесі: 

1 - периневрий; 2 - эпинев-

рий;  3 - эндонерий; 4 - жүйке талшықтары




511

Орталық цилиндр ішінде өте жіңішке (диаметрі 10–40 нм) 

бойлай орналасқан нейрофибриллалар мен микротүтікшелер 

жəне аксоплазма болады. Аксоплазмада көп мөлшерде митохон-

дриялар, микросомалар жəне тасымалдаушы филаменттер орна-

ласады. Соңғы құрылымдар актин белогынан, ал нейрофибрил-

лалар мен микротүтікшелер - миозиннен құрылған.

Құрылысы мен қызметіне қарай миелинді жүйке талшықтары 

үш топқа - А, В, С, бөлінеді. 

А  тобының талшықтары жуан, 

диаметрі 4–20 мкм шамасында болады. Бұл топқа қаңқа еттерінің 

қозғалтқыш жүйке талшықтары мен жанасу, қысым жəне ет пен 

буын рецепторларынан басталатын орталыққа тепкіш жүйке 

талшықтары жатады. 

В  тобы диаметрі 3 мкм шамасындағы 

жіңішке талшықтар. Бұл топқа афференттік талшықтар мен 

вегетативтік жүйкелер талшығы жатады. 

С тобының талшықтары 

жұқа миелин қабығымен қапталған. Олардың диаметрі 2 мкм ша-

масында. Бұл топқа ауырсыну мен температура əсерін өткізетін 

афференттік талшықтар жатады.

Жүйке талшықтарының құрамалары əртүрлі қызмет атқарады. 

Жүйке импульстерінің туындауы мен таралуын орталық ци-

линдрдің плазмалық мембранасы қамтамасыз етеді. Миелинді 

қабық электр изоляторының жəне нəр беру қызметін атқарады. 

Ол қозу толқынын орталық цилиндр мембранасының ұзына бо-

йында туындатпай, тек Ранвье үзілімдерінде ғана тудырып оты-

рады. Миелин қабығының нəрлендіруші қызметі оның орталық 

цилиндрдегі зат алмасу процесіне қатысатын физиологиялық 

белсенді заттарды түзуімен байланысты.

Нейрофибриллалар, микротүтікшелер жəне тасымалдаушы 

филаменттер əртүрлі заттарды (белоктарды), торшаның кейбір 

қосындыларын митохондрияларды жүйке талшықтары бойымен 

нейрон денесінен рецепторларға жəне кері бағытта тасымалдау 

процесіне қатысады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   382   383   384   385   386   387   388   389   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет