Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет432/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   428   429   430   431   432   433   434   435   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

207-сурет. Мидың төменгі бет кейінің 

көрінісі: 

1 - сопақша ми; 2 - көпір; 3 - ми 

сабақтары; 4 - еміздікше дене; 5 - көру жүй-

кесінің қиылысы; 6 - иіс жуашығы; I-XII ми 

жүйкелер


бол мағанымен биологиялық маңызы əлдеқайда жоғары. Сопақша 

мида тыныс алуды, тамыр арнасын, жүрек қызметін, көмірсулар 

алмасуын реттейтін орталықтар, ему, шайнау, сілекей бөлу, 

жұту, қарын сөлін, ұйқы безі сөлін бөлу орталықтары, жөтелу, 

түшкіру рефлекстерінің орталығы, Дейтерс ядросы орналасқан. 

Сонымен қатар сопақша мида бас еттерінің, көздің, ішкі құлақ 

шытырманының (лабиринттің) афференттік жүйкелерінің орта-

лығы орналасады. Жұлын арқылы сопақша ми тері жəне қаңқа 

еттері рецепторларымен байланысады. Сопақша ми қаңқа еттері 

мен ішкі ағзалардың бірыңғай салалы еттері рецепторлары, ты-

ныс алу жəне ас қорыту органдарының кілегейлі қабығының 

жанасу мен температураны сезінетін рецепторлары, дəм сезу 




572

рецепторлары, лабиринт рецепторла-

ры арқылы толып жатқан əсерлерді 

қабылдайды да, көптеген күрделі 

рефлекстерді қамтамасыз етеді. Ол 

əртүрлі органдардың қызметін реттеу 

арқылы организмнің ішкі ортасының 

тұрақтылығын қамтамасыз етеді, вегетативтік қызметтерді, қаңқа 

еттерінің тонусын реттейді, бұлшық еттің, ең алдымен, жазғыш 

еттердің, тонустық жиырылуын қамтамасыз етіп, дене салмағын 

көтеруге, тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді.

Бұлшық ет тонусын реттеуде сопақша мидағы Дейтерс 

торшаларының маңызы зор. Егер сопақша ми мен ортаңғы ми ара-

сын тіліп, Дейтерс торшаларының қызыл ядромен байланысын үзіп 

тастаса, жануарларда децеребрациялық сіреспе (ми сіреспесі) деген 

атпен белгілі құбылыс байқалады. Бұл жағдайда еттердің тонусы 

күрт жоғарылайды да, жануарлардың денесі керіліп, аяқтары сіресе 

жазылады, басы кекшиіп, құйрығы қайқая көтеріледі. Мұндай мал-

ды аяғына тұрғызып қоюға болады, бірақ оның кеңістіктегі кейпі 

дұрыс жағдайда болмайды. Оны бүйіріне не арқасына жатқызып 

қойса, аяқтары сіресіп, серейген күйінде қалады.

Децеребрациялық сіреспе Дейтерс торшаларын бұзғаннан соң 

немесе ми мен жұлынның байланысын жойып, олардың арасын 

тіліп тастағаннан кейін тиылады. Оның себебі Дейтерс торша-

ларынан тараған импульстер жазғыш еттердің тонусын шектен 

тыс күшейтеді. Ал қызыл ядро Дейтерс торшаларының əрекетін 

бəсеңдетіп отырады. Дененің жазғыш еттері рецепторларынан, 

вестибулалық (сағалық) мүшелерден келген импульстер Дейтерс 

торшаларының қозғыштығын күшейтеді. Сол себепті жазғыш ет-

терге новокаин ерітіндісін ексе немесе жұлынның үстіңгі түбірін 

қиса, лабиринтті бұзса, децеребрациялық сіреспе тиылады. Дей-

терс ядросының белсенділігін мишық, қыртыс асты түйіндер, 

үлкен ми жарты шарлары бəсеңдетеді. 

Сопақша ми тонустық рефлекстерді реттей отырып, организм-

нің қимыл əрекетін (жүру, тұру) қамтамасыз етуде маңызды рөл 

атқарады. Сопақша ми мен жұлыны сақталған жануарлар тек 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   428   429   430   431   432   433   434   435   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет