19.3. Мидың құрылысы мен қызметі
Ми - орталық жүйке жүйесінің алдыңғы жəне ең маңызды
бөлімі. Ол бассүйек қуысында - ми сауытында, орналасады. Ми да
ақ жəне сұр заттардан тұрады. Ақ зат өткізгіш жолдардан түзіледі,
ол миды жұлынмен жəне ми бөлімдерін өзара байланыстырады.
Сұр зат шоғырланып, ақ затта ядролар түрінде орналасады.
Мойын омыртқаның бассүйекпен жалғасқан жерінде жұлын-
ның құрылысы өзгеріп, ол ми сабағына айналады. «Ми сабағы»
деген атпен сопақша ми, көпір, ортаңғы ми жəне аралық ми
құрылымдарын біріктіреді. Ми сабағының ішінде тармақталған
тор түрінде торлы құрылым немесе ретикулярлы формация ор-
наласады.
Анатомиялық тұрғыдан ми ромб тəрізді ми жəне үлкен ми бо-
лып жіктеледі. Өз кезегінде ромб тəрізді ми сопақша жəне артқы
миға бөлінеді. Артқы миға көпір мен мишықты жатқызады.
Үлкен ми ортаңғы, аралық жəне соңғы (алдыңғы) ми болып
бөлінеді. Мидың бөлімдеріне өзіндік құрылымдық жəне қызмет
ерекшеліктері тəн.
|