Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет429/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   425   426   427   428   429   430   431   432   ...   542
206-сурет. Жұлынның көлденең қиындысындағы өрлеу (сол жақта) 

жəне төмендеу (оң жақта) жолдарының сызбасы: 

1 - жұлын-таламус жолы

2 - жұлын-мишық жолы; 3 - сына тəрізді жол; 4 - нəзік жол; 5 - айқасқан пирамидалық 

жол; 6 - рубро-жұлын жолы; 7 - вестибула-жұлын жолы; 8 - торлы құрылым - жұлын 

жолы; 9 - тіке пирамидалық жол




569

бұл жолдармен пропиро- жəне висцерорецепторларда туындаған 

қозу толқындары да 1-30 м/с жылдамдықпен өткізіледі. Жұлын-

таламус жолының талшықтары өздері енген сегментте аяқталады 

немесе сол жұлынға енген жағымен бірнеше сегментті бойлай 

өрлеп, айқасады да, қарсы беттегі нейрондармен жалғасады. 

Олардан басталған аксондар көру төмпешігінде аяқталады. 

Таламустық нейрондар аксоны үлкен ми жарты шары қыртысына 

бағытталады. Жұлын-таламустық жол арқылы тітіркендіргіштің 

сапалық сипаты жайлы ақпарат алынады.

Жұлынның ең көне өткізгіш жолы болып дорсальдық жұлын-

мишық жолы немесе Флексиг шоғыры саналады. Бұл жолды 

жұлынның үстіңгі (дорсальдық) мүйізінде орналасқан нейрон-

дар аксоны құрайды. Жұлыннан басталған жол айқаспай тіке 

мишыққа жетеді. Жұлын-мишық жолының талшықтарымен қозу 

толқыны 110 м/с жылдамдықпен өткізіледі. Бұл жол арқылы аяқ 

еттері мен баймалдары рецепторларынан тарайтын импульстер 

өткізіледі.

Вентральдық жұлын-мишық немесе Говерс шоғыры жұлын-

ның дорсальдық мүйізіндегі нейрондар аксонынан құралып, 

импульсті мишықтың дененің қарсы беткейіндегі жартысына 

жеткізеді. Бұл жол сіңірден, тері мен ішкі рецепторлардан тараған 

импульстерді өткізеді, дене қимылдарын қамтамасыз етіп, дене 

кейпін бақылауға мүмкіндік береді. Вентральдық жұлын-мишық 

жолымен импульстер 120 м/с жылдамдықпен тарайды.

Төмендеу немесе орталықтан тепкіш өткізгіш жолдар. Бұл 

жолдар ОЖЖ-нің жоғарғы бөлімдерін жұлынның эффекторлық 

нейрондарымен байланыстырады. Олардың негізгілері қыртыс-

жұлындық (пирамидалық), рубро-жұлындық, вестибула-жұлын-

дық жəне ретикуло-жұлындық жолдар болып табылады.

Пирамидалық жол үлкен ми жарты шарлары қыртысының 

қозғағыш аймақтары нейрондарының аксондарынан құралады. 

Жол жөнекей бұл аксондар аралық, ортаңғы, сопақша ми 

құрылымдарына, торлы құрылымға бүйір тармақтар береді де, 

сопақша мидың төменгі бөлігінде олардың көп талшықтары қарсы 

бетке өтіп, латеральдық пирамидалық жол құрайды. Бұл жол 

жұлынның бүйір бағанында орналасады. Аксондардың қалған 

бөлігі өзі басталған беткеймен жұлынға дейін жетеді де, өздері 

аяқталатын жұлын сегменттерінде дененің қарсы бетіне өтеді. 

Бұл жолды тура пирамидалық жол деп атайды. Аталған екі жол 

талшықтары да жұлынның астыңғы (вентральдық) мүйізіндегі 

мотонейрондарда аяқталады. Бұл жол талшықтарының құрамы 

əртекті болып келеді. Онда үлпекті жəне үлпексіз талшықтар да 



570

кездеседі. Ипмульстер де əртүрлі жылдамдықпен өткізіледі (1–

100 м/с).

Пирамидалық жолдар арқылы келген импульстер ерікті 

қимылдардың атқарылуын қамтамасыз етеді. Бұл жолдың 

айқасқан жəне тура талшықтар түрінде қосарлануы оның 

сенімділігін арттыра түседі.

Рубро-жұлындық жол (Монаков жолы) ортаңғы мидың қы-

зыл ядросы нейрондарының аксонынан құралған. Ядродан шы-

ғысымен бұл жол талшықтары мидың қарсы жартысына өтеді 

де, олардың бір бөлігі мишық пен торлы құрылымға, ал қалған 

бөлігі - жұлынға бағытталады. Бұл жол талшықтары жұлынның 

бүйір бағанымен өтеді де, өздері жалғасатын сегменттің аралық 

нейрондарында аяқталады. Рубро-жұлын жолы арқылы мишық-

тан, вестибулалық жүйке ядросынан, жолақ денеден тарайтын 

импульс тер өтеді де, бұлшық ет тонусы мен еріксіз қимылдар 

үйлесімі басқарылады.



Вестибула-жұлын жолы сопақша мида орналасатын Дей-

терс ядросы торшаларының өсінділерінен құралады. Бұл ең көне 

жол. Ол арқылы вестибулалық мүше мен мишықтан таралатын 

им 


пульстер жұлынның төменгі мүйізіндегі мотонейрондарға 

беріледі де, бұлшық ет тонусы, қимыл үйлесімі, дене тепе-тенді-

гі реттеледі. Бұл жол зақымданса, қимыл үйлесімі, кеңістікті 

бағдарлағыштық қабілет бұзылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   425   426   427   428   429   430   431   432   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет