19.3.2. Артқы ми жəне оның қызметі
Көпір – негізінен өткізгіштік қызмет атқарады. Ол мидың
алдыңғы, соңғы бөлімдері мен мишықты бір-бірімен байланыс-
тырады. Көпірдің сұр затында V–VІІІ-жұп ми жүйкелерінің ядро-
лары, торлы құрылым ядролары жəне көпірдің өзіндік дербес
ядролары орналасады. Ақ зат бойлама жəне көлденең орналасқан
талшықтар шоғырынан тұрады. Бойлама талшықтар көпірдің
төменгі беткейімен сопақша миға барады да, онда пирамидалар
құрайды. Көпірдің үстіңгі жағында олар өрлеу жəне төмендеу
жолдарын құрады да, қос бағытты байланысты қамтамасыз етеді.
Ал көлденең бағытта орналасқан талшықтар мидың сабағына
өтеді.
Ми жүйкелері V–VІІ жұптарының сезімтал талшықтары
арқылы тілдің дəм сезу рецепторы, бас терісінің рецепторла-
ры, көз еттері мен терідегі рецепторлар қабылдаған сигнал-
дар өтеді. Бұл жүйкелердің эфференттік талшықтары бас сүй ек
еттерінің қимылдарын қамтамасыз етеді. Демек, көпір дің реф-
лекстік қызметі сопақша мидың қорғаныстық жəне қо
рек те-
ну рефлекстерін толықтырып отырады. Көпірдің торлы құры-
лымының ядролары ретикуло-жұлындық төмендеу жолын түзуге
қатысады. Ал көпірдің өз ядроларының аксондары оны ортаңғы,
аралық мимен жəне мишықпен жалғастыратын қысқа өрлеу жол-
дарын түзеді. Көпірдің торлы құрылымы мен V–VІІ ми жүйкелері
ядроларының қатысуымен тыныс алу, жүрек-тамыр қызметі, ас
қорыту органдарының жұмысы реттелінеді.
Мишық - көпір мен сопақша мидың үстіңгі жағында орналаса-
ды. Оның көлемді бүйір бөліктерін жарты шарлар, ал олардың
аралығындағы жіңішке бөлігін - құртша деп атайды. Құртша ІV
ми қарыншасының күмбезін құрайды.
Сұр зат мишықтың беткей бөлігінде қыртыс түзеді де, іш
жағында ядролар құрайды. Олардың ішіндегі ең ірісі - кертпеш
ядро. Ақ зат мишықтың іш жағында орналасып, сұр затпен арала-
са келе оның құрылымына сүрек бедері бейнесін береді.
Мишық қыртысы сыртқы молекулалық, ортаңғы - түйінді
жəне ішкі - дəнді торшалардан құралады. Ортаңғы қабатта алмұрт
574
пішіндес тежегіш нейрондар - Пуркинье торшалары орналасады.
Осы торшалар аксондары мишықтан шығар жолды түзеді.
Мишық арнаулы жолдар арқылы ми сабағымен байланысады
(208-сурет). Алдыңғы жол арқылы ол ортаңғы мимен, ортаңғы
жол арқылы ми көпірімен, артқы жол арқылы сопақша мимен, ал
көпір арқылы үлкен ми жарты шарлары қыртысымен байланы-
сады. Мишықтың рецепторлармен жəне эффекторлармен тікелей
байланысы болмайды, бірақ оған өте көп афференттік импульс-
тер жетіп отырады. Жұлын-мишық жолдары жəне сопақша ми
мен торлы құрылым арқылы мишыққа тері, бұлшық ет жəне сіңір
рецепторларынан импульстер үздіксіз жеткізіледі. Сопақша ми
арқылы мишыққа вестибулалық мүшеден, ортаңғы ми арқылы
көру жəне есту анализаторларынан импульстер келеді.
Мишыққа жеткен импульстер Пуркинье торшаларына бе рі-
леді. Олар өз кезегінде мишық ядроларына жəне солар арқылы
торлы құрылым мен Дейтерс ядроларына тежеуші ықпал етеді.
Осының нəтижесінде жұлынға төмендеу жолымен өтетін импуль-
стер мишықтың тежеуші ықпалының бақылауында болады.
Мишық құрылысының күрделілігі, байланысының молдығы
нəтижесінде дене қимылының үйлесімін, дене кейпі мен тепе-
теңдігін сақтауда маңызды рөл атқарады. Оның қатысуымен
бұлшық ет тонусы өзгеріп, қимыл əрекет кезінде жеке ет топта -
рының жиырылу күші реттелініп, орынсыз қимылдар байқал-
майды.
Мишықтың қызметін анықтау үшін зерттеушілер бұл құ ры-
лымды сылып тастау əдісін қолданған. Мұндай операцияларды
алғаш рет 1890 жылы Л. Лучиани ит пен маймылға жасаған.
Мишық қызметін А. А. Орбели мен оның шəкірттері де жан-
жақты зерттеген.
Мишықты алып тастағаннан кейін бұлшық ет тонусы бұ-
зылады. Операциядан кейінгі алғашқы сағаттарда бұлшық ет то-
нусы күрт төмендеп, тіпті жойылып кетеді. Мұндай жағдайды
атония деп атайды. Бірақ бірнеше сағаттан кейін, кейде 2–3 тəулік
өткен соң ет тонусы күрт жоғарылайды, мойын еттері тартылып,
малдың басы кекшиіп, алдыңғы аяқтары сіресе жазылады. Деген-
мен, ет тонусы барлық кезде жоғары жағдайда қалмайды, ол бірде
əлсіреп, бірде күшейіп отырады. Операциядан 10–12 күн өткен
соң бұлшық ет тонусы төмендей бастайды да, қалыпты жағдайға
келеді.
Мишықты алып тастағаннан кейін қимыл үйлесімділігі,
атқарылатын қимыл мен бұлшық еттің жиырылу күшінің ара-
сындағы сəйкестік бұзылады. Бұл құбылыс атаксия деген ат-
пен белгілі. Жүрген кезде аяқтар тым жоғары көтеріліп, жерге
575
қатты соғылады, не шамадан тыс алшақ, не тым жақын, тіпті,
айқасып басылады (209-сурет). Жануардың кез келген қимылы
икемсіз, ебедейсіз болады да, нақтылығын жоғалтады. Мысалы,
ит тамақты жеу қүшін басын бірнеше рет иіп-шалқайтады, тіпті,
тербелмелі қимылдар жасайды.
Мишығы алынып тас
тал
ған жануарда байқа
латын ауыт-
қулардың бірі - астазия.
Жануар
қи мыл сыз
ты-
ныш тұра алмайды: не
екі жағына, не алға-артқа
теңселіп тұ
рады. Оның
басы да бір
қа лыпта тұр-
майды: не екі жағына
шайқалып, не ең
кейіп-
шал
қайып тұрады. Ми-
шықсыз жануарда қоз-
ғағыш жүйке орта лық тары
қызметіндегі əрекет
тес-
тік
тің бұзылуының салда-
рынан бұлшық еттердің
үйлесімді жиырылу қабілеті жойылады (асинергия).
Мишықсыз жануар артық қимылдан тез қажиды, ұзақ жүре
алмай, жатаған келеді. Бұл құбылысты астения деп атайды.
Мишық пен үлкен ми жарты шарлары қызметінде тығыз
байланыс, ықпалдастық байқалады. Ми қыртысы неғұрлым
жақсы дамыса, соғұрлым мишық та жақсы жетіледі. Мишық ми
қыртысының күрделі қимыл-əрекеттерді реттеудегі қызметін
жеңілдетіп отырады. Ол экстрапирамидалық жүйе арқылы тара-
латын қозу ағымын тежеп, пирамидалық жүйемен жылдам тара-
латын импульстерге жол ашады.
Мишық организмнің қимыл-əрекетімен қатар, оның веге та-
тивтік қызметіне де əсер етеді. Мишықты тітіркендіргенде көздің
қарашығы үлкейіп, артерия қысымы жоғарылайды, тамырдың
соғуы жиілейді, қажыған еттің жұмыс қабілеті қалпына келеді,
демек симпатикалық эффект байқалады. Мишықты алып таста-
ғаннан соң ас қорыту жолының қимылы баяулап, қарын мен ішек
сөлінің бөлінуі əлсірейді, малдың жүні үрпиіп кетеді. Малдың
қуат шығыны артады, бұлшық еттің қантты сіңіруі нашарлай-
ды, еттің нəрленуінің бұзылуы салдарынан атрофия (сему)
басталады. Баяндалған жайлар мишықта симпатикалық жəне
парасимпатикалық жүйкелену орталығы орналасады деген бол-
жам жасауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |