Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет459/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   455   456   457   458   459   460   461   462   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

229-сурет. Шартты рефлекстің қалыптасу схе-

масы: 


І – көру орталығы; ІІ – ас қорыту орталығы; 

1 - афференттік жол, 2 - ауыз куысындағы сезімтал 

жүйке ұштары, 3 - төмендеу жолы, 4 - сілекей бөлу 

орталығы, 5 - сілекей безі, 6 - орталыққа тепкіш 

жүйкелер, 7 - өрлеу жолы



614

Шартты жəне шартсыз тітіркендіргіштер əртүрлі рецеп тор-

ларға əсер етеді, сондықтан шартты жəне шартсыз рефлекстер 

доғасы əртүрлі өрістен басталады. Олардың орталыққа тепкіш 

жолы да əр текті. Бірақ бұл рефлекстердің орталықтан тепкіш 

жолы ортақ болады. Осы жайт шартты рефлекстердің тек шарт-

сыз рефлекстер негізінде пайда болатынының дəлелі.

Шартты рефлекстерді қалыптастыруда қыртыс асты құры-

лымдар, атап айтқанда, мидың торлы құрылымы, маңызды рөл 

атқарады. Шартты рефлекстерді қалыптастыру кезінде электрлік 

белсенділік ми қыртысынан бұрын ортаңғы жəне аралық ми торлы 

құрылымында байқалады. Ортаңғы жəне аралық ми деңгейінде 

торлы құрылымды зақымдау шартты рефлекстің қалыптасуына 

кедергі келтіреді. Торлы құрылым ми қыртысы торшаларының 

белсенділігін арттыра отырып, уақытша байланыстың қалып та-

суына қажет жағдай тудырады.

Ми қыртысының əртүрлі бөліктерінің арасындағы уақытша 

байланыс қыртыс асты құрылымдар арқылы да қалыптасуы мүм-

кін (230-сурет). Əрбір қыртыстық аймақ көптеген эфференттік 

жолдар арқылы қыртыс астындағы орындаушы аппаратпен бай-

ланысады. Сондықтан уақытша байланыс ми қыртысының белгілі 

бір аймағының афференттік жəне эфференттік жолдарының ара-

сында пайда болуы мүмкін деген де болжам бар. Сонымен, ми 

қыртысының сезімтал аймағында таламус пен торлы құрылым 

арқылы келген импульс өңдеуден өткен соң уақытша байланыс 

арқылы эфференттік жолға өтіп, қыртыс асты құрылымдарға 

барады да, қайтадан ми қыртысына көтеріліп, шартсыз рефлекс 

орталығына жетеді. Демек, бұл жағдайда шартты рефлекс қыртыс 

- қыртыс асты - қыртыс бағытындағы тік (вертикальдық) байла-

ныс арқылы қалыптасады. Мұндай кезде шартты жəне шартсыз 

рефлекстер орталықтары арасындағы қыртыс арқылы өтетін 

көлбеу (горизонтальды) байланыс та жоққа шығарылмайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   455   456   457   458   459   460   461   462   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет