Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет488/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   484   485   486   487   488   489   490   491   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

21.4. Есту талдағышы

Есту деп жануарлар организмінің дыбысты қабылдау қабіле-

тін айтады. Ол арнаулы есту мүшесінің күрделі қызметі арқылы 

іске асырылады. Сүт қоректі жануарларда есту анализаторы-

ның шеткі бөлімі сыртқы, ортаңғы жəне ішкі құлақтан тұрады. 

Сыртқы жəне ортаңғы құлақ - есту талдағышының өткізгіш, ал 

ішқі құлақ - қабылдаушы бөлімі.




660

Құлақтың қызметі. Сыртқы құлақ - құлақ қалқанынан 

жəне сыртқы дыбыс жолынан тұрады. Құлақ қалқаны дыбыс 

тербелістерін қабылдап, оны дыбыс жолына бағыттайды, ды-

быс тың шыққан көзін анықтауға көмектеседі. Арнаулы еттердің 

көмегімен ол қимылдап, дыбыс шыққан жаққа бағыттала то-

сылып тұрады. Құлақ қалқаны жылқыда, есекте, иттің кейбір 

тұқымдарында, мысықта өте қимылдағыш келеді.

Дыбыс жолы жіңішке имек түтікше. Ол шеміршекті сыртқы 

жəне сүйекті ішкі бөлімінен тұрады да, дыбыс толқынын құлақтың 

ішіне өткізеді. Дыбыс жолын көмкеріп жататын тері мен құлақ 

қалқанының түбінде бұлақ деп аталатын зат бөлетін майда бездер 

жəне түктер болады. Бұлақ құлақты ластанудан, дабыл жарғағын 

кебірсінуден сақтайды. 

Сыртқы жəне ортаңғы құлақты бір-бірінен бөліп тұратын 

қалыңдығы 0,1-0,2 мм жұқа мембрананы дабыл жарғағы деп 

атайды. Ол талшықтары сақиналы жəне сəулелі бағытта орна-

ласқан серпімді ұлпадан тұрады. Дабыл жарғағы дыбыс жолының 

сүйекті ұшында керіліп жатады да, өзіне жеткен дыбыс толқынын 

ортаңғы құлаққа өткізеді.

Дабыл жарғағының арғы жағында ортаңғы құлақ (дабыл) 

қуысы орналасады. Онда бір-бірімен буындана байланыса-

тын есту сүйекшелері - балғашық, төс жəне үзеңгі орналасады 

(242-сурет).

Балғашық дабыл жарғағына, ал үзеңгі ішкі құлаққа бара-

тын сопақша тесікті жауып тұратын жарғаққа бекиді. Аталған 

сүйек шелер арқылы дыбыс толқыны дабыл жарғағынан со-

пақша тесікті жауып тұратын жарғаққа беріледі. Сүйектің ерек-

ше байланысының жəне үзеңгі ауданының дабыл жарғағы бет-

кейінен көп кіші болуының салдарынан дыбыс толқынының күші 

40-60 есе артады. Дыбыс тым күшейіп кеткен жағдайда құлақ 

қуысының еттері жиырылып, дабыл жарғағы керіле түседі де, 

сүйектер қимылы шектеліп дыбыстың əсер күші азаяды.

Дабыл қуысы евстахий (дыбыс) 

түтігі арқылы аңқамен байланысады. 

Қалыпты жағдайда бұл түтік жабық 

болады. Ол сыртқы орта мен дабыл 

қуысы арасындағы қысым айырма-



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   484   485   486   487   488   489   490   491   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет