Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет487/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   483   484   485   486   487   488   489   490   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

сары дақ - айқын көру аймағы. Бұл жерде жарық сезгіш торша-

лар ерекше көп шоғырланады. Сары дақтың ортасы шұңқырлау 

келеді. Оны орталық ойыс деп атайды. Бұл жерде тек сауытша-

лар ғана шоғырланады. Орталық ойыстан торлы қабықтың шетіне 

қарай сауытшалар саны азая түседі де, таяқшалар көбейе береді.

Торлы қабықтың биполярлы нейрондары мен ганглиозды 

торшаларының аксондарынан көру жүйкесі түзілетінін айтып 

өттік. Аталған құрылымдар көру анализаторының өткізгіш аппа-

ратын құрайды. Көру жүйкесінің талшықтары үзілместен сыртқы 

(латеральдық) имек дене ядролары мен төрт төмпешіктің алдыңғы 

төмпешіктеріне барады. Бұл құрылымдар нейрондарының аксон-

дары арқылы импульстер үлкен ми жарты шарлар қыртысының 

шүйде бөлігінде орналасқан көру анализаторының орталығына 

беріледі.

Жарық сезгіш торшалардың қызметі өте күрделі. Оларда қозу 

процесі  фотохимиялық реакция əсерінен пайда болады. Таяқ-




657

шаларда жарыққа сезімтал родопсин, ал сауытшаларда - йодоп-

син деген заттар болады. Родопсин мен йодопсин белок тектес 

жоғары молекулалы қосылыстар. Жарықтың əсерінен родопсин 

өзінің қызыл түсін жоғалтып, алдымен сары түске айналады да, 

соңынан түссізденіп кетеді. Жарықта ол каротиноид ретинен 

(А дəрмендəрісінің альдегиді) жəне опсин белогына ыдырайды. 

Қараңғыда қайта синтездеу процесі жүреді. Бұл процеске пиг-

ментті қабатта сақталатын ретинол (А дəрмендəрісі) қатыса ды.

Жарық энергиясы родопсинді тұрақсыз люмиродопсинге ай-

налдырады. Бұл процесс родопсин құрамындағы цис-формадағы 

(оралған молекулалы) ретиненнің транс-формаға (жазылған бүйір 

тізбекті) айналуы (изомерленуі) нəтижесінде жүреді. Осының 

салдарынан ретинен мен белоктың байланысы үзіліп, люмиро-



допсин метародопсинге, соңынан ретинен мен опсинге айналады. 

Осыдан кейін ретиненнің транс-формасы редуктаза ферментінің 

əсерімен А дəрмендəрісіне айналады. Осыдан кейін тағы да изо-

мерлеу процесі жүріп, қайтадан цис-ретинен пайда болады да, ол 

опсин белогымен қосылып, қайтадан родопсин түзіледі. Родопсин 

əрі қарай жоғарыда баяндалған айналымды процеске қосылады. 

Ретинол жетіспеген жағдайда родопсиннің қайта түзілуі тежеліп, 

қараңғыға бейімделу процесі нашарлайды. Мұндай жағдайды 



ақшам соқырлық деп атайды.

Құрылымы жағынан йодопсин родопсинге жақын, бірақ 

йодопсиндегі ретинен басқа белокпен - фотопсинмен қосылады. 

Фотопсин үш түрлі болады, осымен байланысты сауытшалар 

əртүрлі ұзындықтағы сəулелер толқынына (күлгін, жасыл, қызыл 



түске) реакция беретін торшаларға бөлінеді. Сауытшалардың үш 

түрінің əр деңгейлі комбинацияда қозуының нəтижесінде түрлі 

рең түйсігі пайда болады.

Родопсин мен йодопсиннің жарықты сіңіру қабілеті əртүрлі. 

Родопсин спектрдың көк жасыл бөлігіндегі сəулелерді жақсы 

сіңіреді. Бұл сəулелер қараңғыда айқындау сезіледі. Йодопсин 

болса, сары түсті жарықты жақсы сіңіреді.

Жарық жерден қараңғы бөлмеге кіргенде, алғашқыда еш нəрсе 

көрінбей қалады. Біраз уақыттан кейін родопсиннің қай 

тадан 


қалпына келуіне байланысты таяқшалардың жарыққа сезім-

талдығы қалпына келіп, айналадағы заттар көріне бастайды. Бұл 

процесті қараңғыға бейімделу деп атайды.

Көру пигменттерінің фотохимиялық реакциялары көру ре-

цепторлары қозуының бастамасы болып табылады. Торлы қабық 

рецепторларының қозуы мен көру жүйкесінде импульстердің 

42–888



658

пайда болуы көру пигменттері ыдыраған кезде бөлінген иондарға 

байланысты.

Торлы қабық фоторецепторлары өте əлсіз жарыққа реакция 

береді жəне көру пигменттерін үнемдеп жұмсайды. Таяқшалар 

сауытшалардан 1000 есе сезімтал келеді, сондықтан ала кө-

леңкеде бейне таяқшалар арқылы қабылданады. Таяқшалар тор-

лы қабықтың шеткей бөлігін ала орналасады, сол себепті ала 

көлеңкеде фокустан алшақ орналасқан нəрселер жақсырақ кө-

рінеді.


Майда заттарды анық көру қабілеті сауытшалармен байла-

нысты. Жеке нəрселерді ажыратудың ең зор қабілетін көргіштік 



(жітілік) деп атайды. Бұл қабілетті қатар жатқан екі нүктенің көз 

ажырата алатын ең аз арақашықтығымен анықтайды.



Бинокулярлық (қос көзбен) көру. Көру мүшесі денеде симме-

триялы орналасқан жұп орган. Бинокулярлық көру нəтижесінде 

кез келген зат əр көздің торлы қабығында бір-бірден екі бейне 

бе реді. Бірақ организм қос бейне емес, жалғыз ғана бейне көреді. 

Оның себебі көз қабылдаған зат бейнесі екі көздің торлы қабық-

та 


рының бір-біріне сəйкес келетін учаскелеріне бағытталады. 

Егер заттың бейнесі торлы қабықтың сəйкес келмейтін (диспа-

рант ты) учаскелеріне түссе, онда зат қосарланып көрінеді.

Қос көзбен көрудің нəтижесінде көру өрісі кеңейеді, 

заттардың мөлшері дəл анықталады, оларға дейінгі аралық дұрыс 

аңғарылады.



Рең түйсігі. Жануарлар заттың тек бейнесін ғана қабылдамай, 

оның түсін де ажырата алады деген болжам бар. Мысалы, жылқы, 

ірі қара, шошқа қызыл, жасыл, көк, сары түсті жақсы ажыратады. 

Ит пен мысық түсті нашар ажыратады, ал қоян мен тышқан ажы-

рата алмайды. Жануарларға рең түйсігінің тəн болатынына мими-

крия - қорғаныш рең құбылысы дəлел. Көп жануарлар өз жаула-

рынан түсіне сəйкес келетін фонға тасалану арқылы сақтанады.

Жануарларда рең түйсігінің құпиялары жақсы зерттелме-

ген. Оны үш компонентті теория арқылы түсіндіреді. Жалпы 

қызыл, жасыл жəне күлгін түстер негізгі түстер деп саналады. 

Оларды өзара белгілі арақатынаста араластыру арқылы əртүрлі 

рең түйсігін тудыруға болады. Көздің торлы қабығында түрлі 

ұзындықтағы сəулелер толқынына əрқалай сезімталдығымен 

ерекшеленетін үш түрлі сауытшалардың болатынын баяндап 

өттік. Егер көзге ұзын толқынды сəулелер əсер етсе, онда тек осы 

толқынды қабылдайтын сауытшалар қозып, қызыл түс түйсігі пай-

да болады. Жарық əсерінен екінші топ сауытшалары қозса жасыл 

түс түйсігі, үшінші топ сауытшалары қозғанда күлгін түс түйсігі 




659

туындайды. Аралық түстер осы үш топтың сауытшаларының 

əртүрлі деңгейде қозуының нəтижесінде пайда болады. Мыса-

лы, қызыл-сары түс түйсігі «қызыл» сауытшалардың күшті, «жа-

сыл» сауытшалардың жеткілікті, ал «күлгін» сауытшалардың 

əлсіз деңгейде тітіркенуінен туындайды. Демек, əрбір сауытша-

да сигналдарды өздеріне ғана тəн жүйе арқылы тарататын үш 

түрлі жарық қабылдағыш болады. Осы құрылымдардан тараған 

түстердің қосындысынан спектрдің барлық реңдерін алуға бо-

лады. Егер сауытшалардың əртүрлі түс қабылдайтын осы үш 

элементтері бір мезгілде жəне бірдей деңгейде қозса, ақ түстің 

түйсігі пайда болады.



Көздің қорғағыш аппараты. Сүт қоректі жануарларда көзді 

жоғарғы жəне төменгі қабақ қорғап тұрады. Қабақтың жиегінде 

көзді дымқылдап, құрғаудан сақтап тұратын сұйық зат бөлетін 

жылауық без болады. Сүт қоректі жануарларда көздің ішкі 

бұрышында  жас бүртігі орналасады. Одан бөлінген жас көзді 

дымқылдап, оған түскен тозаңды шайып тұрады. Көз жасының 

құрамында бактерицидтік əсері бар лизоцим ферменті болады. Ол 

көзді түрлі микробтар əсерінен сақтайды.

Көздің қоректену процесі басқа органдардан өзгешелеу жүреді. 

Көзден басқа органдарға қоректік заттар қан арқылы жеткізіледі. 

Ал көздің оптикалық жүйесінің құрылымдары қан тамырларымен 

жабдықталса, олар өзінің мөлдірлігін жоғалтып, организм көру 

мүмкіндігінен айырылар еді. Сондықтан қоректік заттар аталған 

құрылымдарға көздегі шылауық арқылы жеткізіледі. Көз камера-

ларына қоректік заттар нұрлы қабық пен кірпікшелі денедегі қан 

тамырларынан өтеді. Бірақ құрамы жағынан камералық сұйық 

қаннан өзгеше келеді. Мысалы, шылауық құрамында белок бол-

майды, ал аскорбин қышқылының мөлшері қанмен салыстырғанда 

бірнеше есе көбейеді. Қан тамырлары қабырғасының осындай 

талғамды өткізгіштік қасиетін гематоофтальмиялық немесе көз 

тосқауылы деп атайды. Осы тосқауыл көзді ішкі ортадан өтетін 

зиянды заттардан сақтайды. Тосқауылдан белоктар, уытты зат-

тар, микробтар, қан торшалары қалыпты жағдайда өте алмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   483   484   485   486   487   488   489   490   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет