Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет486/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   482   483   484   485   486   487   488   489   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

240-сурет. Аккомадация ме 

ха 


низмі: 

Көздің 


сол жақ бө лігі көз бұршағының алыс та ғы затты

оң жақтағы бөлігі жақын дағы затты қарағандағы 

пішіні



655

күміс кристалдар сіңген талшықтардан тұрады, да көзге түскен 

жарықты кері шағылыстыртады.

Торлы қабықтың келесі қабаты таяқшалар мен сауытша-

лар қабаты. Сауытшалар күндізгі көру аппараты, олар күшті, 

жарқыраған жарықтан ғана тітіркенеді, ал таяқшалар əлсіз, 

қарауытқан сəуленің əсерімен тітіркенеді, олар - түнгі көру аппа-

раты. Таяқшалардың жалпы саны - 130 млн, сауытшалар саны – 

9 млн. Үй құстарында (тауық, үйрек) сауытшалар көп болады.

Фоторецепторлар екі буыннан (ішкі жəне сыртқы) тұрады. 

Сыртқы буында жарыққа сезімтал көру пигменті болады, ал ішкі 

буында торшалардағы қуат алмасу процесін қамтамасыз ететін 

ядро мен митохондиялар орналасады. Фоторецепторлардың 

жарық сезгіш буыны пигментті торшалар қабатына жақын жата-

ды.

Таяқшалардың жарық сезгіш буыны диаметрі 6 мкм шама-



сында жіңішке табақшалар мен дискалар бауынан тұрады. Əрбір 

диск екі белок молекулаларының арасында орналасқан қос мо-

лекулалы липидтерден құралған екі қабатты мембрана болып та-

былады. Белок молекулаларымен родопсин немесе көру пур пу ры 

құрамына енетін ретинен байланысады.

Фоторецепциялық торшалардың сыртқы жəне ішкі буында-

ры бір-бірінен мембрана арқылы бөлінеді. Бұл мембрана арқылы 

16 – 18 жіңішке жіпшелерден құралған шоғыр өтеді. Ішкі сег-

менттен өсінді басталады. Ол арқылы қозу фоторецепторлардан 

олармен түйісетін қос өрісті (биполярлы) торшаларға беріледі.

Биполярлы торшалармен ганглиозды торшалар жанасады. 

Соңғы торшалар өсінділері көру жүйкесін түзеді. Көзге түскен 

жарық шыны тəрізді дене мен торлы қабықтың ішкі қабаттарынан 

оларға ешқандай əсер етпей өтеді де, тек таяқшаларға жеткенде 

ғана əрекетін бастайды. Осының нəтижесінде туындаған жүйке 

импульсі алдында ғана жарық өтіп кеткен торшалар арқылы көру 

жүйкесіне беріледі де, ол арқылы миға бағытталады.

Қозу толқыны фоторецепторлардан көру жүйкесінің тал шық-

тарына биполярлы жəне ганглиозды жүйке торшалары арқылы 

беріледі. Бұл торшалар бір-бірімен синапстар арқылы жалғасады. 

Импульстер бірінші қабат торшаларынан келесі қабат торшала-

рына ацетилхолин бөлу нəтижесінде беріледі. Ал фоторецептор-

лардан биополярлы торшаларға импульстің берілу механизмі əлі 

толық анықталмаған.

Кейбір биополярлы торшалар көптеген таяқшалармен байла-

нысады, ал ганглиозды торшалар өз кезегінде көптеген биополяр-




656

лы торшалармен түйіседі. Осының нəтижесінде фоторецепциялық 

торшалардың белгілі бір тобы жеке ганглиозды торшалар 

үшін рефлекстік өріс болып табылады. Торлы қабықта көлбеу 



(жұлдызша)  жəне амикриндік торшалар да болады. Олардың 

тармақталған өсінділері биполярлы жəне ганглиозды торшалар-

ды горизонталь бойымен көлденең бағытта жалғастырады. Осы-

дан бір ганглиозды торша ондаған мың таяқшалармен байланыс 



түзеді де, оның рефлекстік өрісі ауданының диаметрі 1 мм жетеді.

Сауытшалардан импульс миға басқа принциппен тарайды. 



Əрбір сауытша тек бір ғана биполярлы торшамен байланысады, 

сигналды тек соған береді. Демек, қатар жатқан таяқшалардан 

шыққан сигналдар бір-бірімен тоғысса, қатар жатқан сауытшалар 

сигналдары дара-дара беріледі.

Көз алмасының артқы бетін (көздің түбін) арнаулы офталь-

москоп деген құралмен қарағанда, бозғылт түске боялған бөлікті 

көруге болады. Бұл жерден қан тамырлары тармақтанып көрінеді. 

Көз түбінің осы бөлігін «соқыр дақ» деп атайды, себебі бұл жерде 

таяқшалар мен сауытшалар болмайды. Бүкіл торлы қабықтан осы 

жерге жүйке талшықтары шоғырлана жиналады да, көру жүйкесін 

түзеді. Үй жануарларында көру жүйкесі мидың вентральдық 

беткейінде қиылысып, оң көзден басталған жүйке сол жақ жарты 

шарға, ал сол көзден басталған жүйке оң жақ жарты шарға бара-

ды. Бірақ бұл нүктеде қиылыспай, қозу импульстерін өз жағына 

жеткізетін жүйке талшықтары да болады.

Торлы қабықтың соқыр дақ орналасқан бөлігінің шетін айна-

ла ақшыл (ашық) белдеу түрінде орталық алаң орналасады. Ол 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   482   483   484   485   486   487   488   489   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет