Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет495/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   491   492   493   494   495   496   497   498   ...   542
21.6. Дəм талдағышы

Дəм талдағышы арқылы жануар ауыз қуысына түскен азықтың 

сапасын, сипатын анықтайды. Бұл талдағыштың қабылдаушы 

бөлігін түйіспелі (контактылық) хеморецепторлар түзеді. Олар 

тіл бүртіктерінде (еміздікшелерінде), жұмсақ таңдайда, жұт-

қыншақтың артқы бетінде, бадамшада жəне көмекей қақ 

па-

шығында орналасады. Сырт пішініне қарай тіл бүртіктері ша-



тырша, жапырақша жəне орлы болып бөлінеді (251-сурет, А, 

Б, В). Шатырша бүртіктер тіл бетінен саңырау құлақ сияқты 

шығыңқырап тұрады, жапырақша бүртіктер қатарласа вер-

тикаль қатпар, жапырақ түрінде орналасады, орлы бүртіктер 

кілегейлі қабыққа тереңдей бата жатады да, жан-жағынан сақина 

тəрізді ормен қоршалады. Осы бүртіктер ішінде эпителийлі 

құрылым - дəм буылтығы (жуашығы) орналасады. Дəм буыл-

тығы пішіні жағынан сопақша, жуа тəрізді болып келеді. Ол 

бүйірлі, ұршық пішіндес дəм торшаларынан жəне цилиндр 

пішінді сүйеніш торшалардан құралады да, көп қабатты эпителий 

бойында орын тебеді (251-сурет, Г). Дəм торшаларының ұшында 

майда түктер болады. Əрбір буылтық құрамында ондаған тор-

шалар жинақталады да, рецепциялық торшалар афференттік 

жəне эфференттік жүйкелермен көптеген синапстар түзеді. Дəм 

буылтығы кілегейлі қабық беткейіне кішкентай тесікпен ашыла-

ды. Оны дəм саңылауы дейді.

Əрбір тіл бүртігінде бірнеше дəм буылтығы орналасады. 

Олар əсіресе, орлы бүртіктерде көптеп саналады. Тілдің əртүрлі 

бөлігінде бүртіктердің орналасуы əрқилы. Мысалы, орлы бүр-

тіктер тілдің түбірінде жəне 

үстіңгі беткейінде орналасады. 

Күйіс малдарында олар көбірек 

(8-17), жылқыда, шошқада, 

итте - азы 

рақ (2-4). Шатырша 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   491   492   493   494   495   496   497   498   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет