Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет492/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   488   489   490   491   492   493   494   495   ...   542
245-сурет. Есту анализаторы қызметінің сызбасы: 

1 - есту жүйкесі, 2 - сопақша 

ми, 3 - ортаңғы ми, 4 - төрт төмпешік, 5 - көру төмпегі, 6-қыртыстың есту аймағы

Дыбысты қабылдау механизмі. Құлақ қалқаны қабылдаған 

дыбыс толқыны есту жолы арқылы дабыл жарғағын тербелтеді. 

Бұл тербеліс есту сүйектерінің тізбегімен сопақша тесікке беріліп, 

саға өзегіндегі перилимфаны толқытады. Одан əрі толқын гели-

котрема арқылы дабыл өзегіндегі сұйықтыққа тарайды (246-су-

рет, А). Осы толқын əсерімен негізгі мембрана тербеліп, оған 

бекіген есту торшаларының түктері жабынды мембранамен 

түйіседі де, бұл торшаларда қозу пайда болады. Қозу процесі ұлу 

жүйкесінің ұштарынан есту жүйкесіне беріледі де, əрі қарай есту 

жолымен сопақша ми, аралық ми арқылы үлкен ми сыңарларына 

бағытталады.

Ұлудың сүйекті өзегі табан тұсында кеңірек болып келеді 

де, ұшына қарай тарыла түседі. Ал негізгі мембрана, керісінше, 

иірімнің төбесінде жалпақтау болады да, оның табанына қарай 

жіңішкереді. Осының нəтижесінде негізгі мембрананы құрайтын 

көлденең талшықтар иірім табанында қысқа болып, қаттырақ 

керіледі, ал иірім ұшында олар ұзарып, босаңсиды. Демек, негізгі 

мембрананың барлық бөлімі дыбысқа бірдей реакция бермейді. 

Дыбыс биіктігіне сəйкес оның əртүрлі бөлімдері тербеліп оты-

рады  (246-сурет, Б). Г. Гельмгольц тұжырымына сəйкес негізгі 

мембрананың көлденең талшықтары резонатор принциптеріне 

сəйкес белгілі бір дыбыс тербелісіне ғана реакция береді. Əлсіз 



664

дыбыс (төмен тон) ұлу ұшындағы ұзын, бос тартылған, ал күшті 

дыбыс (жоғарғы тон) иірімді түтік табанындағы қысқа əрі қатты 

керілген талшықтарды, тербетеді. 1863 жылы Г. Гельмгольц 

ұсын ған резонаторлық теория бойынша дыбыстың əрбір тонын 

қа былдауға машықтанған есту торшалары болады да, олар дыбыс 

толқындарының күшіне сəйкес қозып отырады.

Ұзақ жылдар бойына бұл теория жалпы қолдау тауып келді. 

Бірақ кейінірек оған көптеген толықтырулар мен түзетулер енгі-

зілді. Мəселен, белгілі бір тондағы дыбыс толқынының əсерімен 

негізгі мембрананың нақтылы шектелген бөлігі тербелмей, 

айтарлықтай кең учаскесінің тербелетіні анықталған. Сонымен 

қатар резонансты негізгі мембрана талшықтары емес, белгілі 

ұзындықтағы сұйық бағаны тудыратыны дəлелденген. Дыбыс 

неғұрлым күшті, жоғары, жиі тербелісті келсе, соғұрлым ұлу өзе-

гіндегі сұйық бағаны толқынының ұзындығы аз болады. Мұндай 

жағдайда тербеліс амплитудасы ұлу табанына, сопақша терезеге 

жақындағанда жоғарылайды. Əлсіз дыбыс əсерімен сұйық ба-

ғанының толқыны ұзарып, тербеліс амплитудасының ең үлкен 

мөл шері ұлу ұшында байқалады. Осыған байланысты ұлу өзе-

гіндегі сұйықтың толқу сипатына сəйкес негізгі мембрананың 

белгілі бір учаскесі тербеліп, есту торшаларының нақтылы бір 

тобы қозады. Демек, жоғары тербелісті толқындар негізгі мем-

брана бойымен аз ғана жерге таралады, ал төменгі тербелісті 

толқындар алысқа беріледі. Осыдан қысқа толқынды тербелістер 

иірімді түтіктің табанына жақын жерде өшсе, ұзын толқындар 

оның ұшына дейін таралады (246-сурет).

Баяндалған жайлар Венгрия ғалымы Г. Бекешидің гидроди -



намикалық немесе жылжымалы толқын атты теориясының негі-

зі не алынған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   488   489   490   491   492   493   494   495   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет