21.5. Вестибулалық аппарат
Ішкі құлақтың сағасы мен жартылай дөңгелек түтіктері вес-
тибулалық аппаратты құрайды. Вестибулалық аппарат дененің
жа зықтықтағы жағдайын бағдарлауды жəне тепе-теңдікті сақ тау-
ды қамтамасыз етеді (247-сурет).
Ішкі құлақтың жартылай дөңгелек түтіктері бір-біріне үш
перпендикуляр бағытта орналасады. Əр түтіктің бір ұшында аз-
дап ампула тəрізді кеңейген бөлік болады. Жарғақты түтіктің
осы бөлігінде ескек пішіндес, жартылай мөлдір іркілдек зат-
пен оралып жататын кірпікті ұзын рецепциялық торшалар орын
247-сурет. Вестибулалық анализатор:
1 - саға (кіреберіс), 2 - вести була лык аппа-
рат, 3 - ұлу, 4 - сопақша тесік, 5 - дөңгелек
ойыс, 6 - жарты
лай дөнгелек түтіктер,
7 - олардың ампулалары, 8 - сопақша ми дың
вестибулалық ядросы, 9 - ұлу жүйкесінің
ядросы, 10 - мишық, 11 - ми қыртысы,
12 - жұлын
667
тебеді (248-сурет). Осы құрылым бастың кеңістіктегі жағдайын
бағалап отырады. Бастың кеңістіктегі жағдайы, қозғалыс бағыты
өзгерсе немесе айналмалы қозғалыс басталса, эндолимфа осы
рецепциялық торшаларды толқытады, қозу тудырады. Осыдан
рецепторлық торшалар ми құрылымдарына айналмалы қозғалыс
немесе қимыл бағытының өзгерістері жайлы хабарлар жібереді.
248-сурет. Жартылай дөңгелек тү-
тіктер рецепторлары (А) жəне ото-
лит аппаратының құрылысы (Ə):
1 - ескек, 2 - түк, 3 - түкті торша,
4 - сүйеніш торшалар, 5 - жүйке тал-
шықтары, 6 - отолиттер, 7 - іркілдек мас-
са, 8 - базальдық мембрана
Сағаның қапшықтарында дақ деп аталатын дөңестеу бөлік
болады. Осы жерде де сезімтал торшалар орналасады. Əрбір
сезімтал торшаның бір бөлігі цилиндр пішінді келеді де, екінші
бөлігі сүйірлене бітеді. Оның сүйір ұшында бір бос, қимылдағыш
жəне 60-80 бір-біріне жабысқан кірпікшелер орналасады. Бұл
торшалар іркілдек зат массасына батып жатады. Осы массаны
отолит жарғағы (мембранасы) деп атайды. Отолит жарғағы
киіз тəрізді іркілдек ұлпадан құралады. Оның торының үстінде
көптеген алты қырлы өте майда фосфор - көмір қышқылды каль-
ций кристалдары - отолиттер, жатады (248, б-сурет). Отолит
жарғағы басқа ұлпалармен салыстырғанда салмақтырақ келеді,
сондықтан ол сезімтал торшалардың кірпікшелерін қысып
тұрады.
Сағалық рецепциялық аппарат қимыл үдегенде не баяулағанда,
дененің немесе бастың кеңістіктегі қалпы өзгергенде тітіркенеді.
Мұндай жағдайларда отолит мембранасы өз салмағымен тор-
ша түктерін не кереді, не басып қысады, не жанына тартады.
Түктердің керілу денгейіндегі өзгерістерді рецепциялық торша-
лар қабылдап, жағдайды орталық жүйке жүйесіне хабарлайды.
Сонымен, отолит аппараты түзу бағытты қозғалыстың үдеуінен,
не баяулауынан жəне кеңістіктегі бастың кейпінің өзгерістерінен
туындаған тітіркеністерді қабылдап, оларды орталыққа бағыттап
отырады.
Вестибулалық аппараттың рецепциялық торшалары вести-
булалық түйін түзетін қос өрісті торшалар өсінділерімен си-
напс арқылы жалғасады. Бұл синапстан қозу ацетилхолин бөлу
668
нəтижесінде таралады. Осы қос өрісті
торшалардың екінші өсінділері (аксон-
дары) есту жүйкесінің вестибулалық
тармағын түзеді. Вестибулалық аппа-
ратта пайда болған импульстер есту
жүйкесінің талшықтарымен сопақша мидағы аттас ядроға бері-
леді. Осы жерде қимыл сипаты, дене мен бастың кеңістіктегі
жағдайы жайлы хабарлар алғашқы талдаудан өтеді. Сопақша
мидың вестибулалық ядроларынан өткеннен кейін афференттік
жол айқасады да, таламустың вентробазальдық құрылымдарына
бағытталады. Бұл құрылымдардан афференттік импульстер
үлкен ми жарты шарлары қыртысының самай бөлігіне жіберіледі
(249-сурет).
Вестибулалық аппарат өз қызметін басқа сезім жүйелерімен
тығыз байланыста атқарады жəне жануарлардың қалыпты қимыл
əрекеттерін сақтауда маңызды рөл атқарады. Жартылай дөңгелек
түтіктер қатты тітіркенгенде жануарларда көптеген вегетативтік
реакциялар байқалады: қан айналым жүйесінің қызметі өзгеріп,
тер бөлінеді, құсу рефлексі басталады.
Вестибулалық аппарат қос жақты
зақымданса, қимыл-əре кеттер қатты бұ-
зылады, бірақ бірнеше күннен кейін бас-
қа анализаторлар қызметі нəтижесінде
бұл ауытқулар теңгеріліп кетуі мүмкін.
Бұл құрылым сыңар жақты зақымданса,
малдың денесі рецептор зақымданған
жаққа қарай қисайып, ол айналмалы
қозғалыстар жасайды, жығыла береді
(250-сурет).
Ғарыш жағдайында бүкіл организм,
соның ішінде отолиттер де салмақ
сыз-
данады. Салмақсызданған отолиттер ре-
цепциялық торшаларды баспайды, сон-
дықтан ми кеңістіктің жоғарғы жəне
249-сурет. Вестибулалық аппараттың аффе-
ренттік жəне эфференттік байла
ныстары:
1 – сопақша ми; 2 – вести
булалық жүйке
ядро
сы; 3 – құсу орталығы; 4 – жұлын;
5 – бұлшық ет; 6 – ішек; 7 – қарын; 8 – көз;
9 – вестибулалық аппараттың рефлекстік өрісі
250-сурет. Вестибулалық
аппараты сыңар жақты
зақымдалған иттің кейпі
669
төменгі бөліктері жайлы бағдарсыз қалады. Ото литтербас тың
қимылына ілесе алмайды да, бас оқыс бұрыл
ған кезде рецеп-
циялық торшаларды күшті тітіркенді реді, осыдан адамдарда бас
қатты ауырып, құсу рефлексі бай қалады.
Достарыңызбен бөлісу: |