Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет493/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   489   490   491   492   493   494   495   496   ...   542
246-сурет. Ұлу өзектері: 

А – ортаңғы жəне ішкі құлақ, Ə – дыбыс толқынының ұлуда таралу сызбасы




665

Резерфордтың телефондық теориясына сəйкес дыбысты қа-

былдау ерекшеліктері дыбыс тербелісінің жиілігіне байланыс-

ты телефон аппаратының жұмыс принципімен жүреді. Дыбыс 

толқынының тербеліс жиілігіне сəйкес есту жүйесінде биопотен-

циалдар туындайды.

Ұлуда екі түрлі электрлік құбылыс байқалады. Оның ал-

ғаш қысы  тұрақты  эндолимфалық потенциал. Ол дыбыс естіл-

меген, тітіркеніс болмаған кездің өзінде де тіркеледі. Бұл 

по тенциалдардың сипаты негізгі мембрана тербелістерімен бай-

ланысты өзгеріп отырады. Оның əсерімен ұлу құрылымдары 

үйек 

теніп, механикалық энергияны рецепторлардың қозу про-



цесіне айналдыратын тетіктердің сезімталдығы артады.

Дыбыстың əсерімен ұлуда пайда болатын электрлік құбы-

лыстың екінші тобын микрофондық  жəне жинақтау потенциа-

лы деп атайды. Микрофондық потенциал алғаш рет мысықтың 

Корти мүшесінде зерттеліп, кейінірек басқа сүт қоректілерде де 

анықталған. Олар кейбір жағдайда дыбыс толқынын дəл қай-

талайды. Микрофондық потенциал амплитудасы негізгі мем-

брананың дыбыс əсерімен көбірек тербелетін жерлерінде биіктеу 

болады. Кейінгі жылдары жеке торшалардан ток тарту əдісі 

арқылы əрбір есту торшаларының белгілі бір дыбыс жиілігін 

қабылдауға икемделгені жайлы болжам пайда болды.

Жинақтау потенциалының микрофондық потенциалдардан 

айырмасы оның дыбыс толқыны пішінін қайталамай, толқын 

ағымын бейнелеуінде. Жинақтау потенциалы оң жəне теріс болып 

бөлінеді. Теріс жинақтау потенциалы – ішкі, ал оң жинақтау 

потенциалы мен микрофондық потенциал – сыртқы түкті торша-

лар əрекетімен байланысты деген пікірлер бар.

Ұлу қызметінің нəтижесінде рецепторлық түкті торшаларды 

жүйкелендіретін есту жүйкесіне импульстер беріледі. Ал түкті 

торшалардың жүйкелену принципі өте күрделі. Есту жүйкесінің 

95 пайызы бүкіл түкті торшалардың 20 пайызын құрайтын ішкі 

кірпікті торшалармен байланысты. Керісінше, сан жағынан əлде 

қайда басым түсетін сыртқы кірпікті торшалармен аз ғана сезімтал 

талшықтар байланысады. Демек, есту белгілері негізінен ішкі 

түкті торшалардан шығады. Сыртқы түкті торшалар белгілерге 

нақтылы сипат береді. 

Сенсорлық импульстерді өткізетін афференттік талшықтармен 

қатар түкті торшаларға эфференттік талшықтар да келеді. Олар 

ми сабағының жоғары зəйтүн ядроларынан басталып, түкті есту 

торшаларымен синапстық байланыс түзеді. Бұл талшықтарды 

тітіркендіргенде кірпікті торшалар əрекеті бəсеңдейді, осыдан 




666

олар есту торшаларын шамадан тыс қозып кетуден сақтайды де-

ген болжам бар.

Сүт қоректі жануарлар қабылдай алатын дыбыс тербелісі 

жиілігінің диапазоны əртүрлі болады. Жануарлар 20-30 Гц пен 

150-200 кГц аралығындағы дыбыс тербелісін қабылдаса, адам 16-

20 мың, ал ит 30-80 мың Гц толқынды дыбысты қабылдай алады. 

Акустикада барлық тербеліс 3 топқа бөлінеді: 1) инфрады-

быстар, немесе естілмейтін (дыбыссыз) тербелістер. Олардың 

тербеліс жиілігі 20 Гц төмен болады; 2) естілетін тербелістер не-

месе дыбыстар. Олардың тербеліс жиілігі 20–20000 Гц (20 кГц) 

аралығында болады; 3) ультрадыбыстар немесе дыбыстан жоғары 

тербелістер. Олардың тербеліс жиілігі 20 кГц-тен артық болады. 

Есту жүйесінің арқасында жануарлар кеңістікті бағдарлайды. 

Жылқы мен ірі қараның есіту мүмкіндігі адамнан жоғары, ал 

қойдың есту қабілеті төмендеу болады. Дыбысты екі құлақпен 

қабылдау нəтижесінде олар дыбыс шыққан жерді дəл анықтай-

ды. Жануарлардың дыбыс көзін табу, анықтау қабілетін тікелей 



(бастапқы) локация деп атайды, Кейбір жануарлар (жарқанат, 

дель фин) кеңістікті өздері шығарып, басқа денеден кері жаңғы-

рыққан дыбыс арқылы бағдарлайды, қоршаған заттардың ке-

ңістікте орналасуын, көлемін дəл анықтайды. Бұл құбылысты 



жанама (жаңғырыққан) локация немесе эхолакация деп атайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   489   490   491   492   493   494   495   496   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет