8
лар салдарынан организм функцияларындағы ауытқуларды тек
қана физиологиялық процестердің қалыпты параметрлерін жете
білгенде ғана байқауға болады. Демек, физиология патологиялық
ауытқуларды, дертті күйді анықтауға мүмкіндік береді.
Физиологиялық мағлұматтар негізінде малдың қоректік зат-
тар мен энергияға деген мұқтаждығы анықталып, норматив тер
белгіленеді; төл өсіру мен малды күтіп-бағудың ғылыми негіздері
ұсынылады; мал өсірудің тиімді жолдары анықталып (қолдан
ұрықтандыру, шарананы көшіру, т.б.), практикада əртүрлі тех-
никаны қолдануға жол ашылады (мысалы, сауу қондырғылары);
малды үйрету, машықтандыру негіздері анық
талады; малдың
жұқпайтын ауруларының себептері айқын далып, малдың өсуін
жеделдететін түрлі биологиялық белсенді заттар – дəрмендəрі-
лер (витаминдер), гормондар, ұлпалық қуаттандырғыш заттар
қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: