Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Физиология пəнінің басқа ғылымдарымен байланысы



Pdf көрінісі
бет4/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   542
1.2. Физиология пəнінің басқа ғылымдарымен байланысы

Организмнің тіршілік əрекетін терең жəне жан-жақты ұғу 

үшін анатомия, биохимия, биофизика, гистология, цитология 

пəндерін толық меңгеру қажет. Организмнің құрылысын біл-

мей, оның функцияларын түсіну мүмкін емес. Сонымен қатар 

физиологиялық процестерді зерттеу үшін химия мен физи-

ка заңдылықтарын білудің маңызы зор. Мысалы, организмнің 

тіршілік əрекеттерін түсіндіру үшін физикалық жəне химиялық 

ұғымдар мен əдістер (спектрофотометрия, радиоактивті изо-

топ, электр өлшеуіш аспаптары, рентгенография, т.с.с.) кеңі нен 

қолданылады. Соңғы жылдарда физиология пəні үшін түрлі ме-

ханизмдердегі басқару мен байланыстардың жалпы принцип-

тері туралы ғылым - кибернетиканың рөлі маңызды болып 

отыр. Организмдегі əртүрлі процестердің арасындағы кейбір іш-

кі байланыстар мен олардың өзара əсерлерін реттеудің жалпы 

принциптерін ашуда математикалық модельдеу əдістері үлкен 

көмек беріп жүр.

Физиологиялық процестерді дұрыс ұғыну үшін эволюциялық 

ілім мен эмбриологияны, жануарлар дүниесі дамуының жал-

пы заңдылықтарын игеру қажет (1-сызба). Осының арқасында 

физиологиялық зерттеулер тіршіліктің ең қарапайым түрлерінен 

оның күрделірек түрлерге ауысуының жəне организм қызмет-

терінің бірте-бірте күрделене дамуының себептерін ашады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет