1-ширығу кезеңі. Ол жүрек еттерінің асинхронды (үйлесімсіз)
жиырылуымен басталады. Бұл кезеңнің ұзақтығы 0,05 сек тең.
Одан əрі қарыншаның барлық ет талшықтары жиырыла ба-
стайды, бірақ олардың ұзындығы өзгермей, тек ширыға түседі
(изометриялық жиырылу сатысы). Осының əсерінен қарын-
шадағы қысым жоғарылап, қос жəне үш жармалы қақпақшалар
жабылады. Бұл кезде артериялар басталатын жердегі жар-
ты айшық қақпақшалар да жабық күйде болады, қан аз уақыт
тұйық талған қуыста қалады. Əрі қарай 0,03 сек ішінде қарынша
еттерінің ширығуының əсерінен қарыншалар қуысындағы қы-
сым артериялардағы қысымнан едəуір жоғарылап, жарты айшық
қақпақшалар ашылады да, систола кезінде байқалатын екінші
кезең - қанды қуу кезеңі басталады.
6–888
|